https://sputnik.kz/20220608/almaty-oblysy-qyzdy-it-talady-25395338.html
Алматы облысында 7 жастағы қызды ит талады – оқиғаның мән-жайы
Алматы облысында 7 жастағы қызды ит талады – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Ит иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T11:59+0500
2022-06-08T11:59+0500
2022-06-08T12:02+0500
алматы облысы
қабаған ит
https://sputnik.kz/img/211/25/2112517_0:165:2719:1694_1920x0_80_0_0_0d93cc1c79c9698c73e620289bcaa92e.jpg
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жеті жасар қызды көршісінің екі бірдей иті талап тастағаны белгілі болды. Бүлдіршін қазір ауыр жарақаттармен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде қызды талаған алабайдың видеосы жарияланды. Оны қыздың әкесі түсірген. Қызға бір емес, бірден екі алабай шабуыл жасаған. Видеодан иттердің біреуін ғана көруге болады, екінші ит қайда екені белгісіз. Әкесінің сөзіне қарағанда, жеті жасар қызын сіңілісінің көзінше екі ит әбден талаған. Балалар бұл уақытта көшеде ойнап жүрді. Көршісі қақпаны ішінен ілмеген, иттер аулада бос жүрген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ауылдық округ әкімі Мирас Баймолдановтың айтуынша, полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Атап айтқанда, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру. Аталған бап бойынша ит иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ Талғар ауданының полиция қызметкерлері иттің иесі 57 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалық тексерулер тағайындалды, олар бала ауруханадан шыққаннан кейін жүргізіледі. Сараптамалардың қорытындысына сәйкес іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданатын көрінеді. Еске салсақ, Алматы облысында жеті жасар қызды көршісінің иті талағаны туралы ақпарат тарады. Ит иесі зардап шеккен баланың еміне деп 30 мың теңге берген. Алайда ата-анасы қабаған иттің иесінің немқұрайлылығы үшін жазаны күшейтуді және пластикалық операцияға ақша беруін талап етті.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/211/25/2112517_0:0:2719:2039_1920x0_80_0_0_f25ef0d324864c01d53191b226a6a75b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, қабаған ит
алматы облысы, қабаған ит
Алматы облысында 7 жастағы қызды ит талады – оқиғаның мән-жайы
11:59 08.06.2022 (жаңартылды: 12:02 08.06.2022) Ит иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жеті жасар қызды көршісінің екі бірдей иті талап тастағаны белгілі болды. Бүлдіршін қазір ауыр жарақаттармен ауруханада жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде қызды талаған алабайдың видеосы жарияланды. Оны қыздың әкесі түсірген. Қызға бір емес, бірден екі алабай шабуыл жасаған. Видеодан иттердің біреуін ғана көруге болады, екінші ит қайда екені белгісіз.
Әкесінің сөзіне қарағанда, жеті жасар қызын сіңілісінің көзінше екі ит әбден талаған. Балалар бұл уақытта көшеде ойнап жүрді. Көршісі қақпаны ішінен ілмеген, иттер аулада бос жүрген.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ауылдық округ әкімі Мирас Баймолдановтың айтуынша, полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Атап айтқанда, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру.
Аталған бап бойынша ит иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ Талғар ауданының полиция қызметкерлері иттің иесі 57 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады.
"Ол иттерді қоршауда ұстайтынын айтты. Аулаға оларды тамақтандыру және серуендету үшін жіберген. Сол кезде жартылай ашық қақпадан екі алабай сыртқа атып шығып, балаға тап берген. Әйел зардап шеккен қызды емдеуге көмектесуге дайын екенін жеткізді", – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалық тексерулер тағайындалды, олар бала ауруханадан шыққаннан кейін жүргізіледі.
Сараптамалардың қорытындысына сәйкес іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданатын көрінеді.
Еске салсақ, Алматы облысында жеті жасар қызды көршісінің иті талағаны туралы
ақпарат тарады. Ит иесі зардап шеккен баланың еміне деп 30 мың теңге берген. Алайда ата-анасы қабаған иттің иесінің немқұрайлылығы үшін жазаны күшейтуді және пластикалық операцияға ақша беруін талап етті.