https://sputnik.kz/20220607/zhana-onimdi-zhinap-algansha-elimizde-astyq-qory-zhetkilikti--smayylov-25365532.html
Жаңа өнімді жинап алғанша, елімізде астық қоры жеткілікті – Смайылов
Жаңа өнімді жинап алғанша, елімізде астық қоры жеткілікті – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Ішкі қажеттілік шамамен 8 миллион тонна 07.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-07T10:19+0500
2022-06-07T10:19+0500
2022-06-07T10:19+0500
астық
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_5f02874c3338070dc840384b53aa5045.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл жаңа бидай піскенге дейін, елімізде астық қоры жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол былтыр құрғақшылық болғанына қарамастан, бидайға деген ішкі қажеттілік толығымен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Экспорттық міндеттемелерді орындап, қажетті қор жиналды. "Биыл жаңа өнімді жинап алғанша, елімізде жеткілікті астық қоры бар. БҰҰ-ның наурыздағы бюллетеніне сәйкес Қазақстанда биыл астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек. Орта есеппен 18-19 миллион тонна астық жиналса, ішкі қажеттілік шамамен 8 миллион тонна. Тіпті қолайсыз ауа райы мен жиналатын өнімнің болжамы нашар болған күннің өзінде Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады", - деді Смайылов үкімет отырысында. Премьер егіс жұмыстарының қарқынына "жақсы" деген баға берді. Сондай-ақ, бірқатар мәселені атап көрсетті. Бірінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдау, агроғылымды дамыту, елдің климатына сай келетін, құрғақшылыққа төзімді, түсімі жоғары сорттарды жасап шығару шараларын қабылдауға тиіс. Екінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін агротехнологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын. Үшінші. Өңір әкімдіктері ауыл шаруашылығы, сауда министрліктерімен бірлесіп, өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге алдын-ала келісім-шарттар жасауды қамтамасыз етсін. Төртінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктері агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жоспарланып отырған өзгерістерді бизнес қоғамдастықпен егжей-тегжей талқыласын. Бесінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, "Азық-түлік корпорациясына" форвардтық шарттар аясында астық көлемін уақтылы жеткізу бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілері міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етсін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_218:0:1418:900_1920x0_80_0_0_b642c4f50628123a5fc2f7b372f41dda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, әлихан смайылов
Жаңа өнімді жинап алғанша, елімізде астық қоры жеткілікті – Смайылов
Ішкі қажеттілік шамамен 8 миллион тонна
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл жаңа бидай піскенге дейін, елімізде астық қоры жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол былтыр құрғақшылық болғанына қарамастан, бидайға деген ішкі қажеттілік толығымен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Экспорттық міндеттемелерді орындап, қажетті қор жиналды.
"Биыл жаңа өнімді жинап алғанша, елімізде жеткілікті астық қоры бар. БҰҰ-ның наурыздағы бюллетеніне сәйкес Қазақстанда биыл астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек. Орта есеппен 18-19 миллион тонна астық жиналса, ішкі қажеттілік шамамен 8 миллион тонна. Тіпті қолайсыз ауа райы мен жиналатын өнімнің болжамы нашар болған күннің өзінде Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Премьер егіс жұмыстарының қарқынына "жақсы" деген баға берді. Сондай-ақ, бірқатар мәселені атап көрсетті.
Бірінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдау, агроғылымды дамыту, елдің климатына сай келетін, құрғақшылыққа төзімді, түсімі жоғары сорттарды жасап шығару шараларын қабылдауға тиіс.
Екінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін агротехнологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын.
Үшінші. Өңір әкімдіктері ауыл шаруашылығы, сауда министрліктерімен бірлесіп, өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге алдын-ала келісім-шарттар жасауды қамтамасыз етсін.
Төртінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктері агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жоспарланып отырған өзгерістерді бизнес қоғамдастықпен егжей-тегжей талқыласын.
Бесінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, "Азық-түлік корпорациясына" форвардтық шарттар аясында астық көлемін уақтылы жеткізу бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілері міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етсін.