https://sputnik.kz/20220607/taraz-politsiya-forma-25353853.html
Таразда полиция формасын киіп жүрген жігіт ұсталды
Таразда полиция формасын киіп жүрген жігіт ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ер адам бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты 07.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-07T07:04+0500
2022-06-07T07:04+0500
2022-06-07T07:44+0500
полиция
тараз
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Таразда жалған полицей ұсталды. Полиция формасын киген күдікті адамды тәртіп сақшылары байқаған. Ол Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта серуендеп жүріп, нағыз полицейлерді көргенде абыржып қалған.Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотталған болып шықты. Ол кезде жас жігіт төтенше жағдайлар департаментінің формасын киіп жүрген.Ол қандай мақсатта полиция формасын кигенін тергеу анықтап жатыр.Қазақстан Қылмыстық кодексінің 390-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бапта 80 айлық есептік көрсеткішке (254 400 теңге) дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не жиырма тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, тараз
Таразда полиция формасын киіп жүрген жігіт ұсталды
07:04 07.06.2022 (жаңартылды: 07:44 07.06.2022) Ер адам бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Таразда жалған полицей ұсталды. Полиция формасын киген күдікті адамды тәртіп сақшылары байқаған. Ол Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта серуендеп жүріп, нағыз полицейлерді көргенде абыржып қалған.
Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотталған болып шықты. Ол кезде жас жігіт төтенше жағдайлар департаментінің формасын киіп жүрген.
Ол қандай мақсатта полиция формасын кигенін тергеу анықтап жатыр.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 390-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бапта 80 айлық есептік көрсеткішке (254 400 теңге) дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не жиырма тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.