https://sputnik.kz/20220607/taksi-kurer-aleumettik-paket-25371707.html
Такси жүргізушілер мен курьерлер әлеуметтік пакетпен қамтылады – Дүйсенова
Такси жүргізушілер мен курьерлер әлеуметтік пакетпен қамтылады – Дүйсенова
Sputnik Қазақстан
Министрлік басшылығы такси жүргізушілер мен курьерлерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін онлайн платформалардың негізгі операторларымен кездесті 07.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-07T12:34+0500
2022-06-07T12:34+0500
2022-06-07T12:34+0500
такси жүргізушісі
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/586/84/5868494_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_6d033a7913ed342b041a01668a76d880.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова онлайн платформаларда істейтін қазақстандықтар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, пандемия кезіндегі карантиндік шектеулер әлемде жұмыспен қамтудың заман талабына бейім тәсілдерін қолдануға тың серпін берді. Бұл үрдістен Қазақстан да шет қалған жоқ. Бұған қоса, ел экономикасына цифрландыру мен жаңа технологиялар да өз әсерін тигізуде. Соңғы жылдары нақты секторға қарағанда, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың саны өскен.Яғни азамат жұмыссыз қалса немесе жүктілігіне және балалы болуына байланысты жұмысын тоқтатса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлем ала алмайды."Осыған байланысты бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін онлайн платформалардың негізгі операторларымен кездестік. Олармен бірге биылғы 1 шілдеден бастап қамту схемаларын пилоттық режимде жүргізу туралы шешім қабылдадық. Жұмыстың нәтижесін жыл соңына қарай ұсынамыз", - деді министр.Министрлік платформалық жұмыспен қамтуды танып, оны заңдастыру арқылы азаматтарға ыңғайлы режимді сақтай отырып, олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды көздеп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/586/84/5868494_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3fb797ba49ba033c09bb1648777e6ea1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси жүргізушісі, тамара дүйсенова
такси жүргізушісі, тамара дүйсенова
Такси жүргізушілер мен курьерлер әлеуметтік пакетпен қамтылады – Дүйсенова
Министрлік басшылығы такси жүргізушілер мен курьерлерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін онлайн платформалардың негізгі операторларымен кездесті
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова онлайн платформаларда істейтін қазақстандықтар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, пандемия кезіндегі карантиндік шектеулер әлемде жұмыспен қамтудың заман талабына бейім тәсілдерін қолдануға тың серпін берді. Бұл үрдістен Қазақстан да шет қалған жоқ. Бұған қоса, ел экономикасына цифрландыру мен жаңа технологиялар да өз әсерін тигізуде. Соңғы жылдары нақты секторға қарағанда, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың саны өскен.
"Сараптамалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 500 мыңдай адам платформалық жұмыспен қамтылған. Яғни, азаматтар Яндекс, Убер, Вольт және Глово сияқты түрлі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді. Мұндай режим тұрғындарға өте ыңғайлы екені сөзсіз. Алайда оның басты кемшілігі – жұмыспен қамтылғандар үшін әлеуметтік кепілдіктің жоқтығы", - деді Дүйсенова үкімет отырысында.
Яғни азамат жұмыссыз қалса немесе жүктілігіне және балалы болуына байланысты жұмысын тоқтатса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлем ала алмайды.
"Осыған байланысты бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін онлайн платформалардың негізгі операторларымен кездестік. Олармен бірге биылғы 1 шілдеден бастап қамту схемаларын пилоттық режимде жүргізу туралы шешім қабылдадық. Жұмыстың нәтижесін жыл соңына қарай ұсынамыз", - деді министр.
Министрлік платформалық жұмыспен қамтуды танып, оны заңдастыру арқылы азаматтарға ыңғайлы режимді сақтай отырып, олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды көздеп отыр.