Білім

Қазақстан мектептерінде "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" курсы енгізіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинОқушылар, архивтегі сурет
Оқушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Жазылу
Жаңа курс аясында оқушылар қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" курсы пайда болады.
БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-11 сыныптарда "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" курсы факультатив форматында оқытылады.
Курс мынадай модульдерден тұрады:
"Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері",
"Азаматтық",
"Парасаттылық пен әдеп",
"Экология мәдениеті",
"Сыни тұрғыдан ойлау",
"Зайырлылық және дінтану негіздері",
"Медиа сауаттылық".
Сыныптар мен жас ерекшеліктеріне қарай балалар осы бағыттар бойынша оқытылады.
Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа оқу жылында математика бойынша оқу жүктемесі 1 сағатқа ұлғайтылады: бірінші сыныптарда – 2022-2023 оқу жылында, ал екінші сыныптарда – келесі оқу жылында. Осылайша бұл сыныптарда математика сабағы әр күн сайын өтеді. Бұл оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, "Көркем еңбек" пәні екі пәнге бөлінеді: "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері".
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Білім
Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді
Жаңалықтар
0