Өңірлер

Шымкентте тұрғындардың көлігін ломбардқа тапсырған топқа қатысты іс сотқа жіберілді

© Sputnik / Болат ШайхиновЛомбард
Ломбард - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Жазылу
Полиция үнемі жалған қарыз алушылармен бірге жүрген күдіктінің ізіне түсті
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым — Sputnik. Шымкентте тұрғындардың көлігін ломбардқа өткізген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Топтың басшысы қала автоломбардының бұрынғы қызметкері болып шықты. Ол ломбардта жұмыс істеген жылдары кездескен сегіз танысын алаяқтыққа тартқан.
"Қылмыстық топтың әрбір мүшесінің өзінің міндеті болды. Біреуі қымбат көліктерді тапты, оларды таныстары арқылы уақытша алды немесе жалға алған. Екіншісі құжаттарды қолдан жасаумен айналысқан. Осылайша алаяқтар нақты жасалған схема бойынша әрекет етіп, бір жыл ішінде Lexus LX 570 және Toyota Land Cruiser 200 сияқты 5 шетелдік көлікті ломбардтарға өткізе алды", - деді полиция.
Уақытша алынған көліктерге жалған құжттар рәсімделген. Олар автоның "жаңа иесі" ретінде көше жүрген тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды таңдаған.
Жалған құжат жасалған көліктің жүргізу құқығын сақтап, автоломбардтарға тапсырған. Осылайша иесіне қайтарған кезде жүргізушілер шикілікті байқамай қалған.
Полицияға ломбард қызметкерлері арыз түсірді. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңге (92 мың долларға жуық - Sputnik).
Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, куәгерлерден жауап алды. Ол құжаттардың жалған екенін анықтады.
Полиция үнемі жалған қарыз алушылармен бірге жүрген күдіктінің ізіне түсті. Ол арқылы жедел уәкілдер қала аумағында қылмыстық топтың басқа мүшелерін де ұстай алды.
Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша тіркелді: Қылмыстық кодексінің 262-бабы ("ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу"), 190-бабы ("Алаяқтық"), 385-бабы ("құжаттарды қолдан жасау"), 386-бабы ("Көліктің сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау").
Қазіргі уақытта топтың барлық мүшесі - 9 адам қамауда отыр, деп жазады Polisia.kz.
Жаңалықтар
0