Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Бірінші ресейлік банк Херсон облысында ашылды

© Sputnik / Алексей ФилипповБанковские карты платежной системы "Мир"
Банковские карты платежной системы Мир - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Жазылу
Тағы бірнеше ресейлік банк аймақта өз бөлімшелерін ашуды көздеп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Бірінші Ресей банкі Херсон облысының аумағында өз жұмысын бастады, деп хабарлайды РИА Новости.
Херсон облысының тұрғындары бір-бір жарым айдан кейін ресейлік бірінші банкте есепшот аша алады, деп хабарлады аймақтың әскери-азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов.
"Қазір барлығы эксперименттік форматта жүріп жатыр, банктер жұмыс істей бастады. Қазір енгізіліп жатқан санкцияларды ескерсек, әрине, бұл банктердің барлығы ресейлік платформада жұмыс істеп тұр", - деді шенеунік.
Оның айтуынша, кредит ұйымдарының бірі өз қызметін бастап кеткен.
"Қазір бүкіл банк жүйесі қалыптасу сатысында тұр, бұл уақытқа байланысты мәселе. Бірақ бәрі өте жылдам атқарылып жатыр. Менің ойымша, алдағы бір-бір жарым айда адамдар есепшот ашып, интернет арқылы ресейлік банк жүйесіндегі шоттарын төлей алады", - деді ол.
Шенеунік өңірде украин банктері енді жұмыс істемейтінін атап өтті.
Бұған дейін Стремоусов Украина Херсон облысындағы банк есепшоттарын бұғаттап, халықтың жинақ ақшасын иемденіп алғанын хабарлады.
Ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңы бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр. Өңірлер Ресей Федерациясының субъектісіне айналу туралы жоспарын жариялады.
Жаңалықтар
0