https://sputnik.kz/20220607/aymagambetov-ministrlikti-ekige-bolu-25368579.html
Білім министрі өзі басқаратын ведомствоны екіге бөлу жайлы пікір білдірді
Білім министрі өзі басқаратын ведомствоны екіге бөлу жайлы пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы бұл шешім ғылыми қызметті үйлестіруді нығайту үшін қажет екенін айтқан болатын 07.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-07T11:11+0500
2022-06-07T11:11+0500
2022-06-07T11:11+0500
білім
асхат аймағамбетов
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14694989_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7a628da620fe1e559e9d08b1cf4f8c3d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоны екіге бөлуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол қазір ең басты міндет – осы шешімді дұрыс және тиімді жүзеге асыру екенін айтты. Ол министрлікті екі ведомствоға бөлу үшін үкімет деңгейінде шешім қабылданатынын жеткізді. Тиісті деңгейде шешім қабылданып, жұртшылыққа жарияланады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынған болатын. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл ғылыми қызметті үйлестіруді нығайту үшін қажет.Екі ведомствоның бірі тек ғылым және жоғары біліммен айналысады.
https://sputnik.kz/20220607/aymagambetov-agylshyn-tili-25368181.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14694989_413:0:1913:1125_1920x0_80_0_0_596e698504ee034a34ee95ab5c330069.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов, министрлік
асхат аймағамбетов, министрлік
Білім министрі өзі басқаратын ведомствоны екіге бөлу жайлы пікір білдірді
Мемлекет басшысы бұл шешім ғылыми қызметті үйлестіруді нығайту үшін қажет екенін айтқан болатын
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоны екіге бөлуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол қазір ең басты міндет – осы шешімді дұрыс және тиімді жүзеге асыру екенін айтты.
"Өйткені, ең маңыздысы тиімді білім және ғылым жүйесі. Шешім жарияланды. Енді осы шешімнің орындалу жағын ойлау керек. Ең бастысы, бұл шешім тиімді әрі дұрыс орындалуы керек. Бұдан білім және ғылым жүйесі ұтуға тиіс. Осы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді Аймағамбетов үкімет кулуарында.
Асхат Аймағамбетов
ҚР Білім және ғылым министрі
Ол министрлікті екі ведомствоға бөлу үшін үкімет деңгейінде шешім қабылданатынын жеткізді. Тиісті деңгейде шешім қабылданып, жұртшылыққа жарияланады.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынған болатын. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл ғылыми қызметті үйлестіруді нығайту үшін қажет.
Екі ведомствоның бірі тек ғылым және жоғары біліммен айналысады.