Алматы облысында туған інісін өлтірген ауыл тұрғыны ұсталды

© Sputnik / Murad OrujovНож в руке мужчины, архивное фото
Нож в руке мужчины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Алматы облысында 52 жастағы ер адам туған інісін өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Бұлақты ауылындағы жекеменшік үйде 41 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Жүрегіне пышақ тығып өлтірген. Полицейлер оның Ақтөбе облысынан туған ағасының үйіне қонаққа келгенін анықтады.
"Үйдің астаң-кестеңі шыққан. Ішімдік ішілгені анық көрініп тұрды. Шұғыл тергеу тобы ауылды тінтіп шықты. Жақын жердегі елді мекендер де тексерілді. Соның нәтижесінде көрші ауылда тығылып жүрген күдікті ұсталды", - дейді полицейлер.
52 жастағы ер адам марқұмның туған ағасы болып шықты. Екеуі арақ ішіп, жанжалдасып қалған. Күдікті ас үй пышағымен інісінің кеудесіне сұққан. Жәбірленуші оқиға орнына көз жұмды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті қамауға алынды.
Айта кетері, бұған дейін Алматы облысында үш ағалы-інілі жабылып төртіншісін өлтірді. Олар төбелесқор ағасын жөнге салғысы келген.
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Алматы облысында үш ағалы-інілі жабылып төртіншісін өлтірді - оқиғаның мән-жайы
Жаңалықтар
0