https://sputnik.kz/20220606/zhasyl-ipoteka-25349347.html
Төмендетілген процентпен "жасыл ипотека" берілуі мүмкін
Төмендетілген процентпен "жасыл ипотека" берілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова банкте "Жасыл ипотека" жобасы әзірленіп жатқанын айтты. Ипотека қатысушылары... 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T15:43+0500
2022-06-06T15:43+0500
2022-06-06T15:43+0500
ипотека
https://sputnik.kz/img/961/11/9611144_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_5dbe36e52844b4151df253e9f4055561.jpg
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова банкте "Жасыл ипотека" жобасы әзірленіп жатқанын айтты. Ипотека қатысушылары энергиялық тиімді пәтерлерді төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен сатып ала алады, деп хабарлады Ecojer сайты.Ләззат Ибрагимованый айтуынша, бүгінде Қазақстандағы барлық үй шаруашылығының жалпы шығынынан жылу энергиясына жұмсалатын шығынның үлесі 3%-тен аспайды. Демек адамдарда тұрғын үйдің энергия тиімділігін арттыруға және ресурстарды үнемдеуге деген ынта жоқ. Сол себептен тұтынушыны ынталандыру қажет дейді спикер.Сондай-ақ спикер бірінші кезеңде жаңа ипотекалық өнім халықаралық қаржы ұйымдарының ресурстары есебінен іске асырылуы мүмкін екенін атап өтті. Екінші кезеңде мамандандырылған облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылады деп болжануда."Адам энергия тиімділігі орташа деңгейден жақсы тұрғын үйді сатып алғанда, ол кредит бойынша төмендетілген мөлшерлеме түрінде және ай сайынғы төлемге жұмсалатын шығындарды үнемдеу түрінде сыйақы ала алады. Содан кейін біз жасыл қаржы мен энергияны үнемдеу туралы мобильді қосымша деңгейінде ойлайтын тұтынушылар класын құрамыз", – деді Ләззат Ибрагимова.Айтуынша, әйелдер ипотекасы іске қосылған кезде көпшілік бұл өнім пайдаланылмай қалады деген сенімде болған. Бірақ бағдарламаға бөлінген екінші транш 15 күннің ішінде таусылып қалған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/961/11/9611144_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_cbd783d06882247f09a3fc6d2626c50d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ипотека
Төмендетілген процентпен "жасыл ипотека" берілуі мүмкін
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова банкте "Жасыл ипотека" жобасы әзірленіп жатқанын айтты. Ипотека қатысушылары энергиялық тиімді пәтерлерді төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен сатып ала алады, деп хабарлады
Ecojer сайты.
Ләззат Ибрагимованый айтуынша, бүгінде Қазақстандағы барлық үй шаруашылығының жалпы шығынынан жылу энергиясына жұмсалатын шығынның үлесі 3%-тен аспайды. Демек адамдарда тұрғын үйдің энергия тиімділігін арттыруға және ресурстарды үнемдеуге деген ынта жоқ. Сол себептен тұтынушыны ынталандыру қажет дейді спикер.
"Демек әуел бастан энергиялық тұрғыда тиімді тұрғын үйде тұратындарға басымдық беретін мүмкіндіктер мен ресурстар құру қажет. Бұл жерде "Жасыл ипотека" үшін үлкен әлеует бар. Біз қазір тиісті жобаны әзірлеп, есеп-қисап жүргізіп жатырмыз", – деді Ләззат Ибрагимова.
Сондай-ақ спикер бірінші кезеңде жаңа ипотекалық өнім халықаралық қаржы ұйымдарының ресурстары есебінен іске асырылуы мүмкін екенін атап өтті. Екінші кезеңде мамандандырылған облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылады деп болжануда.
"Адам энергия тиімділігі орташа деңгейден жақсы тұрғын үйді сатып алғанда, ол кредит бойынша төмендетілген мөлшерлеме түрінде және ай сайынғы төлемге жұмсалатын шығындарды үнемдеу түрінде сыйақы ала алады. Содан кейін біз жасыл қаржы мен энергияны үнемдеу туралы мобильді қосымша деңгейінде ойлайтын тұтынушылар класын құрамыз", – деді Ләззат Ибрагимова.
Айтуынша, әйелдер ипотекасы іске қосылған кезде көпшілік бұл өнім пайдаланылмай қалады деген сенімде болған. Бірақ бағдарламаға бөлінген екінші транш 15 күннің ішінде таусылып қалған.