Өңірлер

42 градусқа дейін ыстық: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Синоптиктер 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанда 42 градусқа дейін күн жылынады деп күтілуде.
Синоптиктер 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Казгидромет" метеорологтарының мәліметінше, солтүстік-батыс циклонмен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Тек республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Күндізгі ауа температура солтүстікте 23-30-ға дейін, облыстың оңтүстігінде 33 жылу, орталықта 27-35-ке дейін, шығыста 28-33-ке дейін, оңтүстікте 36 жылу, оңтүстік өңірлерде 27-35, облыстың оңтүстік-батысында 37-42 жылу болады деп күтілуде. Тек республиканың шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде үсік жүреді", – делінген ведомство хабарламасында.

Ірі қалалардағы ауа райы

Ертең елордада өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз +30 градус, түнде 12 градус жылы. 8 маусымда да өткінші жауын жауады, күндіз 33 градус жылы, түнде +18.
Алматыда сейсенбі күні найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз +29, түнде 17 градус жылы. 8 маусымда күн бұлтты, плюс 32 градус, түнде 18 градус жылы. 7 маусымда
Шымкентте күндіз +35, түнде +18. Сәрсенбіде +37, түнде +22 градус.
Жаңалықтар
0