https://sputnik.kz/20220606/ulttyq-bank-inflyatsiya-bolzham-25348733.html
Ұлттық банк ЖІӨ өсімі мен инфляцияға қатысты болжамды жаңартты
Ұлттық банк ЖІӨ өсімі мен инфляцияға қатысты болжамды жаңартты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Ұлттық банктің жаңартылған болжамы бойынша 2022 жылы Қазақстан экономикасы 2,8-3,8% деңгейінде дамиды. 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T21:52+0500
2022-06-06T21:52+0500
2022-06-06T21:52+0500
экономика
жіө
болжам
инфляция
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24222937_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_be090b63c1581aaedfb27b752c561c4d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Ұлттық банктің жаңартылған болжамы бойынша 2022 жылы Қазақстан экономикасы 2,8-3,8% деңгейінде дамиды.ЖІӨ-нің динамикалық өсу қарқыны 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде қалыптасқан жоғары көрсеткішке (өсім 4,4%), сондай-ақ жыл соңына дейін экономиканың барлық негізгі саласында болжанып отырған оң динамикаға байланысты болады.2023 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3,5%-4,5%-ке дейін үдейді деп болжануда. Экономикадағы белгісіздік төмендеп, экспорттық және импорттық тауар жеткізу тізбегінің болжамды қалпына келуі, ОПЕК+ шеңберінде шектеулердің азаюына байланысты 2022 жылмен және мұнай өндіруші елдер мәмілесінің болжамды аяқталуымен салыстырғанда энергия ресурстарын өндіру көлемінің едәуір өсуі экономиканың дамуына ықпал етеді.2024 жылы ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруды есепке алғанда, күтпеген өзгерістердің теріс әсерінің болмауы және мұнай өндірудің айтарлықтай ұлғаюы аясында экономика өседі деп болжанып отыр.Осы базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімді есепке алғанда, 2022 жылдың соңына қарай инфляция 13-15% деңгейінде болжанады. Сыртқы және ішкі азық-түлік нарықтарындағы бағалар динамикасын ескерсек, тамақ өнімдері бағасы айтарлықтай өседі. 2022 жылдың екінші жартысында олардың көтерілуіне, сондай-ақ жоғары инфляциялық болжамдар жағдайында нарықтық қызметтердің бағасын өсіруге мораторийдің аяқталуына байланысты реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының күрт өсу тәуекелдері бар.2023 жылы инфляция 2022 жылғы жоғары база есебінен кету, базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешім, сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және іске асыру жоспарланып отырған контрциклдік бюджеттік қағида аясында біртіндеп 7,5-9,5%-ке дейін баяулайды. 2024 жылы сыртқы, сол сияқты ішкі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда инфляция таргеттелетін дәлізден әлі де тыс болады, бұл ретте оның жоғарғы шегіне қарай баяулайтыны болжанып отыр.Инфляция жеделдеуінің негізгі тәуекелдері әлемдегі геосаяси жағдай аясындағы белгісіздікке, капиталдың дамушы нарықтардан дамыған нарықтардың пайдасына әкетілу ықтималдығына, сыртқы, атап айтқанда Ресейден инфляция импортына, сондай-ақ ұсыныс факторлары тарапынан тәуекелдерге және тұрақсыз инфляциялық болжауларға байланысты. Сонымен қатар 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген параметрлермен салыстырғанда бюджет шығыстарын арттыру жағына қарай ықтимал қайта қарау болжамның маңызды тәуекелдерінің бірі болып саналады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24222937_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7a9b6a3b679d57c9ac02474e5591961a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жіө, болжам, инфляция, ұлттық банк
жіө, болжам, инфляция, ұлттық банк
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Ұлттық банктің жаңартылған болжамы бойынша 2022 жылы Қазақстан экономикасы 2,8-3,8% деңгейінде дамиды.
ЖІӨ-нің динамикалық өсу қарқыны 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде қалыптасқан жоғары көрсеткішке (өсім 4,4%), сондай-ақ жыл соңына дейін экономиканың барлық негізгі саласында болжанып отырған оң динамикаға байланысты болады.
"Алайда геосаяси дағдарыс, сыртқы сұраныстың әлсіреуі және тауар жеткізу тізбегінің қайта құрылуы экономиканың өсу қарқынын тежейді. Геосаяси белгісіздік аясында Қазақстанның экспорттық жеткізілімдерін халықаралық нарықтарға шығару кезінде проблема туындап, бұл ЖІӨ-нің өсу болжамын мейлінше төмендету тұрғысынан қайта қарауға әкеп соқтыруы мүмкін", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
2023 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3,5%-4,5%-ке дейін үдейді деп болжануда. Экономикадағы белгісіздік төмендеп, экспорттық және импорттық тауар жеткізу тізбегінің болжамды қалпына келуі, ОПЕК+ шеңберінде шектеулердің азаюына байланысты 2022 жылмен және мұнай өндіруші елдер мәмілесінің болжамды аяқталуымен салыстырғанда энергия ресурстарын өндіру көлемінің едәуір өсуі экономиканың дамуына ықпал етеді.
2024 жылы ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруды есепке алғанда, күтпеген өзгерістердің теріс әсерінің болмауы және мұнай өндірудің айтарлықтай ұлғаюы аясында экономика өседі деп болжанып отыр.
Осы базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімді есепке алғанда, 2022 жылдың соңына қарай инфляция 13-15% деңгейінде болжанады. Сыртқы және ішкі азық-түлік нарықтарындағы бағалар динамикасын ескерсек, тамақ өнімдері бағасы айтарлықтай өседі. 2022 жылдың екінші жартысында олардың көтерілуіне, сондай-ақ жоғары инфляциялық болжамдар жағдайында нарықтық қызметтердің бағасын өсіруге мораторийдің аяқталуына байланысты реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының күрт өсу тәуекелдері бар.
2023 жылы инфляция 2022 жылғы жоғары база есебінен кету, базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешім, сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және іске асыру жоспарланып отырған контрциклдік бюджеттік қағида аясында біртіндеп 7,5-9,5%-ке дейін баяулайды. 2024 жылы сыртқы, сол сияқты ішкі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда инфляция таргеттелетін дәлізден әлі де тыс болады, бұл ретте оның жоғарғы шегіне қарай баяулайтыны болжанып отыр.
Инфляция жеделдеуінің негізгі тәуекелдері әлемдегі геосаяси жағдай аясындағы белгісіздікке, капиталдың дамушы нарықтардан дамыған нарықтардың пайдасына әкетілу ықтималдығына, сыртқы, атап айтқанда Ресейден инфляция импортына, сондай-ақ ұсыныс факторлары тарапынан тәуекелдерге және тұрақсыз инфляциялық болжауларға байланысты. Сонымен қатар 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген параметрлермен салыстырғанда бюджет шығыстарын арттыру жағына қарай ықтимал қайта қарау болжамның маңызды тәуекелдерінің бірі болып саналады.