https://sputnik.kz/20220606/tzhd-balalar-politsey-qol-sham-25352217.html
ТЖД балаларды құтқарған полицейге неліктен қол шам ғана берілгенін түсіндірді
ТЖД балаларды құтқарған полицейге неліктен қол шам ғана берілгенін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған полицияның кіші сержанты Ержан Қуанышев алғыс хатпен... 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T17:51+0500
2022-06-06T17:51+0500
2022-06-06T17:51+0500
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/634/80/6348079_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_b8a08f0513d49d2806615c49e6a09349.jpg
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған полицияның кіші сержанты Ержан Қуанышев алғыс хатпен марапатталып, сыйлыққа қол шам (фонарик) алды. Бұл туралы "Уральск 404" телеграм каналында жарияланды.30 мамыр күні полиция сержанты Ержан Қуанышев Погодаев ауылының маңындағы тоғаннан 7 және 8 жастағы ұл балаларды құтқарып қалған. Ең алдымен ол суға батып бара жатқан баланы, сәлден соң екіншісін жағаға шығарған. Қимылсыз жатқан баланың жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.Бүгін екі баланы өлім аузынан аман алып қалған Ержан Қуанышевке сыйлық ретінде x-balog жарықдиодты тактикалық шамы берілді. Мұндай сыйлық желі қолданушыларының наразылығын туғызды.Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жарық шамды қызметкерлер өз атынан бергенін айтты. Яғни, департаменттің ресми сыйлығы емес көрінеді."Департамент уәкілетті органға (ТЖМ) Ержан Қуанышевті ведомстволық наградамен марапаттау үшін материалдарды жіберді", – деп қорытындылады ТЖД баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/634/80/6348079_79:0:1216:853_1920x0_80_0_0_9ec5a98b2d6043ac16a24a51b6dfa651.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқарушылар
ТЖД балаларды құтқарған полицейге неліктен қол шам ғана берілгенін түсіндірді
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған полицияның кіші сержанты Ержан Қуанышев алғыс хатпен марапатталып, сыйлыққа қол шам (фонарик) алды. Бұл туралы "
Уральск 404" телеграм каналында жарияланды.
30 мамыр күні полиция сержанты Ержан Қуанышев Погодаев ауылының маңындағы тоғаннан 7 және 8 жастағы ұл балаларды құтқарып қалған. Ең алдымен ол суға батып бара жатқан баланы, сәлден соң екіншісін жағаға шығарған. Қимылсыз жатқан баланың жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Бүгін екі баланы өлім аузынан аман алып қалған Ержан Қуанышевке сыйлық ретінде x-balog жарықдиодты тактикалық шамы берілді. Мұндай сыйлық желі қолданушыларының наразылығын туғызды.
Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жарық шамды қызметкерлер өз атынан бергенін айтты. Яғни, департаменттің ресми сыйлығы емес көрінеді.
"Департамент уәкілетті органға (ТЖМ) Ержан Қуанышевті ведомстволық наградамен марапаттау үшін материалдарды жіберді", – деп қорытындылады ТЖД баспасөз қызметі.