https://sputnik.kz/20220606/turkistan-oblysynda-zhas-kelinshek-qyzyn-25347594.html
Түркістан облысында жас келіншек қызын өзенге батырып өлтірді – сот үкімі
Түркістан облысында жас келіншек қызын өзенге батырып өлтірді – сот үкімі
Sputnik Қазақстан
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T15:03+0500
2022-06-06T15:03+0500
2022-06-06T15:03+0500
түркістан облысы
өзен
әйел
қыз
https://sputnik.kz/img/07e5/05/03/16954810_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_e60e635310e9dfeab927784cc92ef619.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты туған қызын суға батырып өлтірген келіншекке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр 10 желтоқсанда 22 жастағы келіншек енесімен ұрсысып қалған. Одан кейін қызын алып, емханаға барған. Жолда енесі айтқан сөздер есіне түсіп, өз-өзіне қол салуға шешім қабылдаған. Кішкентай баласын да өлтіруге бел буады. Ол Келес өзеніне барып, баласын ұстап суға кірген.Су мойнына дейін жеткенде ойланып қалған. Біршама уақыттан кейін ойынан айнып, жағаға шыққан. Бірақ осы уақыт ішінде баласы тұншығып қалған.Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тергеу шараларын өткізді. Сот-медициналық сараптама кезінде келіншектің кінәсі дәлелденді. Прокурор оны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Судья осы өтінішті қолдады. Баласын өлтірген келіншек 15 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/03/16954810_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_99075e3eba4ab3ef5fd2ab532e7ec3c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, өзен, әйел, қыз
түркістан облысы, өзен, әйел, қыз
Түркістан облысында жас келіншек қызын өзенге батырып өлтірді – сот үкімі
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты туған қызын суға батырып өлтірген келіншекке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр 10 желтоқсанда 22 жастағы келіншек енесімен ұрсысып қалған. Одан кейін қызын алып, емханаға барған. Жолда енесі айтқан сөздер есіне түсіп, өз-өзіне қол салуға шешім қабылдаған. Кішкентай баласын да өлтіруге бел буады. Ол Келес өзеніне барып, баласын ұстап суға кірген.
Су мойнына дейін жеткенде ойланып қалған. Біршама уақыттан кейін ойынан айнып, жағаға шыққан. Бірақ осы уақыт ішінде баласы тұншығып қалған.
Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тергеу шараларын өткізді. Сот-медициналық сараптама кезінде келіншектің кінәсі дәлелденді. Прокурор оны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Судья осы өтінішті қолдады. Баласын өлтірген келіншек 15 жылға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.