https://sputnik.kz/20220606/turki-memleketteri-uyym-25343120.html
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары Қазақстанға ұсыныс айтты
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары Қазақстанға ұсыныс айтты
Sputnik Қазақстан
Бақылаушылар Орталық сайлау комиссиясы референдумды әділ өткізіп, заңмен белгіленген мерзімде аяқтады деп санайды 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T12:43+0500
2022-06-06T12:43+0500
2022-06-06T12:43+0500
түркітілдес халықтар
қазақстан
ұсыныс
https://sputnik.kz/img/07e6/06/06/25336955_0:0:1200:676_1920x0_80_0_0_b75bb77162fbdfcd504d06d53fe9d717.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы референдумды өтті деп бағалады. Бұл туралы бақылаушылар миссиясының басшысы – ТМҰ бас хатшысының орынбасары Ғизмат Гозалов мәлімдеді. Ол мисия атынан Қазақстанға ұсыныс айтты. Миссия Қазақстандағы референдумның жақсы ұйымдастырылғанын жеткізді. Гозаловтың айтуынша, іс-шара "кәсіби" және "заңбұзушылықсыз" өткен. "Дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі сақталып, процестің ашықтығы қамтамасыз етілді. Дауыс беру бірқалыпты өтті. Әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының референдум комиссиясының жұмысына заңсыз араласу фактілері болған жоқ", - деді Ғизмат Гозалов Нұр-Сұлтандағы брифингте.Оның айтуынша, 5 маусымда миссияға дауыс беру учаскелеріне толық қолжетімділік берілді. Сондай-ақ оларға сайлау учаскелеріндегі лауазымды тұлғалардан толық ақпарат ұсынылған. Еркін дауыс беру құқығына қандай да бір кедергі келтірілмеген. Бақылаушылар ұлттық бақылаушылардың белсенділігін атап өтіп, бұл "референдумның ашықтығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыратынын" мәлімдеді. Миссия референдум нәтижелеріне әсер ететін күрделі техникалық ақаулар болмағанын айтты. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі де жоғары бағаланды. Жалпы референдум күні ТМҰ бақылаушылары 15 сайлау учаскесінде болды. Миссия басшысының айтуынша, соның ішінде он учаскеде әйелдер жетекшілік еткен. Миссия референдум кезінде қандай да бір үгіт-насихат материалдарын, саяси топтың мәжбүрлеуін немесе бюллетеньдердің сыртқа шығарылуын тіркеген жоқ. Айта кетері, Қазақстандағы заң бойынша тіркелген мекенжайынан тыс аумақта дауыс беру үшін азамат өз учаскесіне келіп, тізіммен шығару куәлігін алуы керек. Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымы 2022 жылдың 2 маусымында жұмысын бастады. Миссия құрамына ТМҰ хатшылығының қызметкерлері кірді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/06/25336955_75:0:1130:791_1920x0_80_0_0_8a38b9ad76c5a3d13842eacc3ec92c9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркітілдес халықтар, қазақстан, ұсыныс
түркітілдес халықтар, қазақстан, ұсыныс
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары Қазақстанға ұсыныс айтты
Бақылаушылар Орталық сайлау комиссиясы референдумды әділ өткізіп, заңмен белгіленген мерзімде аяқтады деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы референдумды өтті деп бағалады. Бұл туралы бақылаушылар миссиясының басшысы – ТМҰ бас хатшысының орынбасары Ғизмат Гозалов мәлімдеді.
Ол мисия атынан Қазақстанға ұсыныс айтты.
"Бұл ретте миссия тұрақты тіркелген жерінен тыс кез келген учаскеде дауыс бергісі келетін сайлаушыларды қосымша тізімге енгізу мәселесін қайта қарау қажет деп санайды", - деді Ғизмат Гозалов.
Миссия Қазақстандағы референдумның жақсы ұйымдастырылғанын жеткізді. Гозаловтың айтуынша, іс-шара "кәсіби" және "заңбұзушылықсыз" өткен.
"Дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі сақталып, процестің ашықтығы қамтамасыз етілді. Дауыс беру бірқалыпты өтті. Әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының референдум комиссиясының жұмысына заңсыз араласу фактілері болған жоқ", - деді Ғизмат Гозалов Нұр-Сұлтандағы брифингте.
Оның айтуынша, 5 маусымда миссияға дауыс беру учаскелеріне толық қолжетімділік берілді. Сондай-ақ оларға сайлау учаскелеріндегі лауазымды тұлғалардан толық ақпарат ұсынылған. Еркін дауыс беру құқығына қандай да бір кедергі келтірілмеген.
Бақылаушылар ұлттық бақылаушылардың белсенділігін атап өтіп, бұл "референдумның ашықтығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыратынын" мәлімдеді.
Миссия референдум нәтижелеріне әсер ететін күрделі техникалық ақаулар болмағанын айтты. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі де жоғары бағаланды.
Жалпы референдум күні ТМҰ бақылаушылары 15 сайлау учаскесінде болды. Миссия басшысының айтуынша, соның ішінде он учаскеде әйелдер жетекшілік еткен. Миссия референдум кезінде қандай да бір үгіт-насихат материалдарын, саяси топтың мәжбүрлеуін немесе бюллетеньдердің сыртқа шығарылуын тіркеген жоқ.
Айта кетері, Қазақстандағы заң бойынша тіркелген мекенжайынан тыс аумақта дауыс беру үшін азамат өз учаскесіне келіп, тізіммен шығару куәлігін алуы керек.
Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымы 2022 жылдың 2 маусымында жұмысын бастады. Миссия құрамына ТМҰ хатшылығының қызметкерлері кірді.