Қоғам

ТМД миссиясының басшысы референдум жайлы: болмашы заңбұзушылықтар ғана болды

© Sputnik / Владислав ВодневЛеонид Анфимов
Леонид Анфимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Халықаралық байқаушылар жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтарға өздерінің азаматтық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берілгенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті. Болмашы заңбұзушылықтар ғана тіркелді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясында өткен брифингте ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов мәлімдеді.
"Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бақылаушылар миссиясы Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті деп санайды", - деді Анфимов.
Айтуынша, бақылаушылар дауыс беру барысын бақылау барысында аз ғана болмашы заңбұзушылықтарды тіркеген. Олар техникалық сипатқа ие.
Олардың арасында ер адам кабинкаға әйелімен бірге кірген немесе сайлау учаскелерінің төрағасы бақылаушыларға нақты сағатқа дауыс берушілер саны бойынша мәлімет бергені сияқты бірлі-жарым жағдайлар бар.
"Бұл болмашы детальдар, олар жалпы картинаны бүлдірген жоқ", - деп нақтылады ТМД миссиясының басшысы.
Ол Қазақстан азаматтарына референдумда өз еркін білдіруге жағдай жасалғанын атап өтті.
Қазақстанда жалпыхалықтық Конституциялық референдум 5 маусымда өтті. Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың 68,06%-і дауыс бергенін хабарлады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Конституцияға түзетулерді сайлаушылардың 77,18%-і қолдаған. Барлық өңірде сайлаушылардың басым бөлігі референдум сұрағына оң жауап берді.
Референдум  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Референдум-2022: ОСК Қазақстан бойынша дауыс беруді қорытындылады
Жаңалықтар
0