Денсаулық

Тамақ ауырғанда қандай тағамдарды жеген жөн

© Photo : СС0 / RitaEТамақ
Тамақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Маман көптеген адамның сүйікті десерті саналатын балмұздақ туралы да айтты
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Диетолог тамақ ауырғанда көмектесетін тағамдарды атады.
Америкалық диетолог Лиза Янг сұлы ботқасына назар аударуды ұсынады, деп жазады Eat This порталы.
Өйткені ол тамақтағы жағымсыз сезімді біраз басады. Сұлы құрамында қабынуға қарсы әсер ететін заттар бар. Холестерині аз, ал жасұнық проценті жоғары.
"Жұмсақ, ас қорыту жолымен оңай өтетін өнімдер жеген жөн", - деді Янг.
Диетолог кальцийге, ақуыздарға және пробиотиктерге бай қарапайым йогуртты да осындай өнімдер қатарына жатқызды.
Сондай-ақ, тауық сорпасы сияқты жылы тағамдарды мәзірге қосу маңызды. Өйткені ол натрийдің болуына байланысты организмдегі электролиттердің тепе-теңдігін орнына келтіре алады.
Маман көптеген адамның сүйікті десерті - балмұздақ туралы да айтты. Оның сөзінше, десерт тамақтың ауыруын жеңілдетуге және ағзадағы гидратация деңгейін сақтауға көмектеседі.
Каша - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Денсаулық
Таңертең миды "іске қосатын" тағам белгілі болды
Жаңалықтар
0