Өңірлер

Қызылорда облысында аурухана бухгалтерлері 14 млн теңге жымқырды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Сот оларды кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық ауруханасының бұрынғы қызметкерлері 14 млн теңгеден астам ақша ұрлаған.
Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша істі тергеді.
Бас бухгалтер қызметтік өкілеттігін пайдаланып, 2015-2019 жылдар аралығында жалған іссапар құжаттарын рәсімдеген. Ол өзі тапқан адамдардың картасына ақша аударып, кейін соны өзі шешіп алған.
Іске аудиторлық тексерістер мен сарапшылардың материалдары қоса берілді, сот-бухгалтерлік сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын сомасы 14 млн теңгеден асты.
Агенттіктің мәліметінше, аудандық аурухананың бұрынғы қызметкерлері М.Сатыбалдиева мен З.Шомантаева 7 жылға сотталды, сондай-ақ материалдық-қаржылық құжаттарға қол қою құқығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айырылды. Олардың сыбайласы М.Бүрісбаевтың 2 жылға бас бостандығы шектелді.
Жаңалықтар
0