https://sputnik.kz/20220606/qazaqstan-dollar-zansyz-shygaru-25344802.html
Қазақстаннан ақшаны заңсыз шығармақ болған шетел азаматтары ұсталды
Қазақстаннан ақшаны заңсыз шығармақ болған шетел азаматтары ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "Жібек жолы" және "Атамекен" кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды. 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T13:56+0500
2022-06-06T13:56+0500
2022-06-06T13:56+0500
қоғам
кеден
ақша
https://sputnik.kz/img/07e5/07/09/17562241_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3e272441a489f5ea6ca678d494011c51.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "Жібек жолы" және "Атамекен" кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды.Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Оқиға 6 мауысымда Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Жібек жолы" кеден бекетінде болған. Өзбекстан республикасы бағытында жолаушылар терминалында, қолжүкті рентгентелевизиондық құрылғы арқылы тексеру кезінде, кеден бекетінің қызметкерлерімен Тәжікстан азаматынан кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 545-бабы бойынша іс қозғалды.Осыған дейін, 18 мамырда "Атамекен" кеден бекеті арқылы Өзбекстан республикасы бағытында ҚР азаматы өзімен бірге 10 000 АҚШ доллары, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған кезінде, кеден бекетінің қызметкерлері тосқауыл қойылды. Осыған ұқсас жағдай 20 мамыры күні осы "Атамекен" кеден бекетінде орын алған. Кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде Ресей Федерациясының азаматы өзімен бірге 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өту барысында анықталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/09/17562241_23:0:1730:1280_1920x0_80_0_0_6d673d30c0713e4e7643400d13d6fd23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеден, ақша
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "Жібек жолы" және "Атамекен" кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды.
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оқиға 6 мауысымда Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Жібек жолы" кеден бекетінде болған.
Өзбекстан республикасы бағытында жолаушылар терминалында, қолжүкті рентгентелевизиондық құрылғы арқылы тексеру кезінде, кеден бекетінің қызметкерлерімен Тәжікстан азаматынан кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 545-бабы бойынша іс қозғалды.
Осыған дейін, 18 мамырда "Атамекен" кеден бекеті арқылы Өзбекстан республикасы бағытында ҚР азаматы өзімен бірге 10 000 АҚШ доллары, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған кезінде, кеден бекетінің қызметкерлері тосқауыл қойылды.
Осыған ұқсас жағдай 20 мамыры күні осы "Атамекен" кеден бекетінде орын алған. Кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде Ресей Федерациясының азаматы өзімен бірге 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өту барысында анықталған.