https://sputnik.kz/20220606/qazaqgaz-ulttyq-kompaniya-qarzhy-25350063.html
"QazaqGaz" ұлттық компаниясында миллиардтаған қаржы талан-таражға түскен
"QazaqGaz" ұлттық компаниясында миллиардтаған қаржы талан-таражға түскен
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі күні 937 миллиард теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заң бұзушылықтар анықталды 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T15:56+0500
2022-06-06T15:56+0500
2022-06-06T16:14+0500
бюджет қаражаты
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жаркешев компанияда бір триллион теңгеге жуықтайтын заң бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 123 миллиард теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары дәлелденді."Қазақта ауруын жасырған арам өледі" деген жақсы сөз бар. Барлығын ашық айтуға дайынбыз. Проблема көп, шешуге тырысамыз", - деп атап өтті компания басшысы.Үкімет отырысынан кейін журналистер бұрынғы "ҚазТрансГаз" - қазіргі "QazaqGaz" ұлттық компаниясында анықталған қаржылық заң бұзушылықтар қай кезде болғанын және оған кім кінәлі деп танылғанын сұрады. Алайда компания басшысы тергеу жүргізіліп жатқанын, сол себепті ештеңе айта алмайтынын жеткізді.Айта кетері, өткен жылы 31 желтоқсанда үкіметтің қаулысымен "ҚазТрансГаз" компаниясының атауы "QazaqGaz" деп өзгертілді. Оны 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін Қайрат Шәріпбаев басқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет қаражаты
"QazaqGaz" ұлттық компаниясында миллиардтаған қаржы талан-таражға түскен
15:56 06.06.2022 (жаңартылды: 16:14 06.06.2022) Бүгінгі күні 937 миллиард теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заң бұзушылықтар анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жаркешев компанияда бір триллион теңгеге жуықтайтын заң бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекет басшысының толық аудит ұйымдастыру және компания қызметінде транспаренттілікті қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 937 миллиард теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заң бұзушылықтар анықталды", - деді Жаркешев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 123 миллиард теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары дәлелденді.
"Қазақта ауруын жасырған арам өледі" деген жақсы сөз бар. Барлығын ашық айтуға дайынбыз. Проблема көп, шешуге тырысамыз", - деп атап өтті компания басшысы.
Үкімет отырысынан кейін журналистер бұрынғы "ҚазТрансГаз" - қазіргі "QazaqGaz" ұлттық компаниясында анықталған қаржылық заң бұзушылықтар қай кезде болғанын және оған кім кінәлі деп танылғанын сұрады. Алайда компания басшысы тергеу жүргізіліп жатқанын, сол себепті ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Айта кетері, өткен жылы 31 желтоқсанда үкіметтің қаулысымен "ҚазТрансГаз" компаниясының атауы "QazaqGaz" деп өзгертілді. Оны 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін Қайрат Шәріпбаев басқарды.