https://sputnik.kz/20220606/pavlodarlyq-qoryqshylar-elikter-esim-berdi-25333451.html
Павлодарлық қорықшылар құтқарылған еліктерге ат қойды
Павлодарлық қорықшылар құтқарылған еліктерге ат қойды
Sputnik Қазақстан
Олар ұрғашы елікті Победа, ал аталық жануарды Жеңіс деп атады 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T08:51+0500
2022-06-06T08:51+0500
2022-06-06T09:03+0500
павлодар облысы
қорықшы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/09/17294069_0:139:3147:1909_1920x0_80_0_0_2ee951bced9d151ad5988e0e17ecf0c9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Павлодарлық орманшылар күні кеше құтқарған екі елік баласына ат қойды. Қорықшылардың айтуынша, еліктер аш әрі қатты әлсіреген, деп жазды Pavlodarnews.kz. Орманшылар оларды тамақтандырмақ болғанда, еліктердің бірі сүтті әзер ішкен. Қазір олардың жағдайы айтарлықтай жақсарған. Еске салсақ, Ақсу елді мекенінің аумағына патруль жүргізу кезінде Павлодар орман шаруашылығының қорықшысы Ертіс жайылымынан еліктің үш төлін тапқан. Олардың бірі өлі күйде болғанымен, қалған екеуі қатты ашыққан. Ана елік төлдердің жанында болмаған, жақын жерде тек жабайы иттер жүрген. Орманшылар тастанды еліктерді алып кетіп, оларға күтім көрсету туралы шешім қабылдаған. Әзірше жануарлар Павлодарское ауылындағы шаңғы базасында жатыр. Мұнда әдетте құтқарылған жануарларды оңалту үшін алып келеді. Еліктер біршама өсіп, жағдайы жақсарған соң, оларды еркіндікке жібереді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/09/17294069_207:0:2938:2048_1920x0_80_0_0_caed48325531de11fe1adbf49c6ce7a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, қорықшы
Павлодарлық қорықшылар құтқарылған еліктерге ат қойды
08:51 06.06.2022 (жаңартылды: 09:03 06.06.2022) Олар ұрғашы елікті Победа, ал аталық жануарды Жеңіс деп атады
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Павлодарлық орманшылар күні кеше құтқарған екі елік баласына ат қойды.
Қорықшылардың айтуынша, еліктер аш әрі қатты әлсіреген, деп жазды Pavlodarnews.kz.
Орманшылар оларды тамақтандырмақ болғанда, еліктердің бірі сүтті әзер ішкен. Қазір олардың жағдайы айтарлықтай жақсарған.
"Елік төлдері сүтті жақсы ішіп, аяқтарында нық басып тұр. Ертең оларды тексеру үшін ветеринарлық клиникаға апарамыз", - деді өңірлік орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.
Еске салсақ, Ақсу елді мекенінің аумағына патруль жүргізу кезінде Павлодар орман шаруашылығының қорықшысы Ертіс жайылымынан еліктің үш төлін тапқан. Олардың бірі өлі күйде болғанымен, қалған екеуі қатты ашыққан.
Ана елік төлдердің жанында болмаған, жақын жерде тек жабайы иттер жүрген. Орманшылар тастанды еліктерді алып кетіп, оларға күтім көрсету туралы шешім қабылдаған.
Әзірше жануарлар Павлодарское ауылындағы шаңғы базасында жатыр. Мұнда әдетте құтқарылған жануарларды оңалту үшін алып келеді.
Еліктер біршама өсіп, жағдайы жақсарған соң, оларды еркіндікке жібереді.