https://sputnik.kz/20220606/mektepterde-agylshyn-tili-1-synyptan-bastap-oqytylmaydy--aymagambetov-25350948.html
Мектептерде ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайды – Аймағамбетов
Мектептерде ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайды – Аймағамбетов
Sputnik Қазақстан
Әзірге бұл өзгерістер қашан енгізілетіні белгісіз 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T16:37+0500
2022-06-06T16:37+0500
2022-06-06T16:49+0500
білім
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14695117_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_8b932df8055e7f4977c77e31960a2635.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанда ағылшын тілін 1-сыныптан емес, 3-сыныптан бастап оқыту жоспарланып отыр.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, зерттеулер мен талдаулар нәтижесі 1-сынып оқушысына бірден үш тілді меңгеру қиын екенін көрсеткен.Ал орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады.Министр әдістеме тұрғысынан қарағанда, бұл – дұрыс бағыт екенін атап өтті."Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы.Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болатынын айтқан еді. Ал сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы үштілді оқыту жүйесін тоқтатуды талап етті. Айтуынша, Қазақстаннан басқа әлемнің бірде-бір мемлекетінде үш тіл мүлдем оқытылмайды. Сенатор балабақшалар мен бастауыш сыныптарда барлық пән тек ана тілінде оқытылуы қажет деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14695117_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_6aa70a8d67fa35a0ad1d1d5f0d496bf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
Мектептерде ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайды – Аймағамбетов
16:37 06.06.2022 (жаңартылды: 16:49 06.06.2022) Әзірге бұл өзгерістер қашан енгізілетіні белгісіз
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанда ағылшын тілін 1-сыныптан емес, 3-сыныптан бастап оқыту жоспарланып отыр.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, зерттеулер мен талдаулар нәтижесі 1-сынып оқушысына бірден үш тілді меңгеру қиын екенін көрсеткен.
"Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады", - деді Аймағамбетов Nur.kz-ке берген сұхбатында.
Ал орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады.
Министр әдістеме тұрғысынан қарағанда, бұл – дұрыс бағыт екенін атап өтті.
"Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болатынын
айтқан еді. Ал сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы үштілді оқыту жүйесін
тоқтатуды талап етті. Айтуынша, Қазақстаннан басқа әлемнің бірде-бір мемлекетінде үш тіл мүлдем оқытылмайды. Сенатор балабақшалар мен бастауыш сыныптарда барлық пән тек ана тілінде оқытылуы қажет деп санайды.