https://sputnik.kz/20220606/korshi-toqaev-referendum-25352471.html
Көрші екі елдің басшысы Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Көрші екі елдің басшысы Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қырғызстан мен Өзбекстанның басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп... 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T18:23+0500
2022-06-06T18:23+0500
2022-06-06T18:23+0500
референдум
өзбекстан
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23616187_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d3b01ae40e9036ac7bd4d89d29ed9784.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қырғызстан мен Өзбекстанның басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қырғызстан президенті Садыр Жапаров дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанға жылы лебізін білдірді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру жолында бауырлас елмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Сондай-ақ Қырғызстан бақылаушыларының референдумға белсенді қатысқанына ризашылығын жеткізді.Тоқаев пен Жапаров Бішкекте өткен келіссөздердің нәтижесін, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру шараларын да талқылады.Одан кейін іле-шала Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев хабарласып, жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады. Тоқаев ризашылығын білдіріп, конституциялық реформалар не үшін жасалып жатқанын түсіндірді. Өзбекстанның делегациясы да Қазақстандағы референдумды бақылады.Екі елдің басшылары стратегиялық серіктестіктің ойдағыдай дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Бүгінде тауар айналымы қарқынды түрде ұлғайып келеді. Атап айтқанда, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 30 пайызға артып, 1 миллиард доллардан асқан.
https://sputnik.kz/20220606/dauys-berushiler-konstitutsiya-ozgerister-25335918.html
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23616187_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_053920696fb9ae3c314b1d4482a233c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, өзбекстан, қазақстан
референдум, өзбекстан, қазақстан
Көрші екі елдің басшысы Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қырғызстан мен Өзбекстанның басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанға жылы лебізін білдірді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру жолында бауырлас елмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Сондай-ақ Қырғызстан бақылаушыларының референдумға белсенді қатысқанына ризашылығын жеткізді.
Тоқаев пен Жапаров Бішкекте өткен келіссөздердің нәтижесін, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру шараларын да талқылады.
Одан кейін іле-шала Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев хабарласып, жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады. Тоқаев ризашылығын білдіріп, конституциялық реформалар не үшін жасалып жатқанын түсіндірді. Өзбекстанның делегациясы да Қазақстандағы референдумды бақылады.
Екі елдің басшылары стратегиялық серіктестіктің ойдағыдай дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Бүгінде тауар айналымы қарқынды түрде ұлғайып келеді. Атап айтқанда, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 30 пайызға артып, 1 миллиард доллардан асқан.