https://sputnik.kz/20220606/frantsiya-europa-qazaqtar-quryltayy-25341704.html
Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр
Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Құрылтайды Франциядағы қазақтар мен Париждегі қазақстандық дипломаттар және "Отандастар " қоры ұйымдастырды 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T12:02+0500
2022-06-06T12:02+0500
2022-06-06T12:02+0500
әлем
франция
шетелдегі қазақтар
https://sputnik.kz/img/384/19/3841997_0:450:2040:1598_1920x0_80_0_0_3931f287df5b036e32cadcee5dbdac20.jpg
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Жиынға Еуропалық Одақ аймағында тұратын қандастарымыз бен Түркия және Қазақстаннан делегациялар қатысты. Пандемиядан кейін алғаш өтіп жатқан елеулі шараға мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды Хабар24 арнасы. Құрылтайды Франциядағы қазақтар мен Париждегі қазақстандық дипломаттар және "Отандастар " қоры ұйымдастырды. Іс-шара аясында Еуропадағы диаспоралардың кездесуі, этнодизайнер Қазипа Қалиқызының дәрісі, әр елден жиналған өнер адамдарының концерттерін өткізу қарастырылған. Тіпті жастар үшін би кешін өткізу ойластырылған. Париж құрылтайы бағдарламасында мәдени көрікті жерлерге айналған Абай мен Мұстафа Шоқай ескерткішіне тағзым ету де қамтылған. "Осы жерде біз қазақтың туын көтеріп Еуропаның ортасында Париждің төрінде біз қоғамымыз бар. Біз бұл қоғамымзды ашуымыздың себебі келе жатқан ұрпақтарымыздың ата салт-дәстүрін ұмытпасын, қазақшылығын ұмытпасын, тілін ұмытпасын деп сол қоғамда әр аптасына той-томалағымыз болады. Сол жерде той-томалағымызды өткіземіз. 400-500 қазағымыз келеді. Бәрі бас қосады сол жерде", – дейді Франциядағы Түрік қазақтары қауымдастығының президенті Есімхан Назир. Айта кетерлігі, Еуропалық қазақтар үшін құрылтай – ерекше маңызды іс-шара. Себебі, жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосатын мұндай жиындардың мақсаты – ұлтымыздың төл мәдениетін сақтап, ұлықтау.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/384/19/3841997_0:259:2040:1789_1920x0_80_0_0_6234bf195acc38b931f88141af3945f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция, шетелдегі қазақтар
франция, шетелдегі қазақтар
Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр
Құрылтайды Франциядағы қазақтар мен Париждегі қазақстандық дипломаттар және "Отандастар " қоры ұйымдастырды
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Жиынға Еуропалық Одақ аймағында тұратын қандастарымыз бен Түркия және Қазақстаннан делегациялар қатысты.
Пандемиядан кейін алғаш өтіп жатқан елеулі шараға мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды
Хабар24 арнасы.
Құрылтайды Франциядағы қазақтар мен Париждегі қазақстандық дипломаттар және "Отандастар " қоры ұйымдастырды. Іс-шара аясында Еуропадағы диаспоралардың кездесуі, этнодизайнер Қазипа Қалиқызының дәрісі, әр елден жиналған өнер адамдарының концерттерін өткізу қарастырылған. Тіпті жастар үшін би кешін өткізу ойластырылған.
"Шетелде тұрғандықтан өзіміздің мәдениет пен дәстүрімізді сақтауымыз керекпіз. Сол үшін енді жылына бір рет осындай құрылтайлар болса өз туыстарымызды көреміз өз қандастарымызды көреміз. Сол үшін бұл бізге өте маңызды", – дейді Австриядағы қазақ диаспорасы қауымдастығының төрағасы Ертұғрұл Шолпан.
Париж құрылтайы бағдарламасында мәдени көрікті жерлерге айналған Абай мен Мұстафа Шоқай ескерткішіне тағзым ету де қамтылған.
"Осы жерде біз қазақтың туын көтеріп Еуропаның ортасында Париждің төрінде біз қоғамымыз бар. Біз бұл қоғамымзды ашуымыздың себебі келе жатқан ұрпақтарымыздың ата салт-дәстүрін ұмытпасын, қазақшылығын ұмытпасын, тілін ұмытпасын деп сол қоғамда әр аптасына той-томалағымыз болады. Сол жерде той-томалағымызды өткіземіз. 400-500 қазағымыз келеді. Бәрі бас қосады сол жерде", – дейді Франциядағы Түрік қазақтары қауымдастығының президенті Есімхан Назир.
Айта кетерлігі, Еуропалық қазақтар үшін құрылтай – ерекше маңызды іс-шара. Себебі, жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосатын мұндай жиындардың мақсаты – ұлтымыздың төл мәдениетін сақтап, ұлықтау.