Қоғам

eGov қызметін қолданушылар саны азайды

© Sputnik / Тимур БатыршинЭлектронды үкімет
Электронды үкімет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Қарағанды облысының тұрғындары электрондық үкімет қызметін ең белсенді пайдаланушылар қатарында
ЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының зерттеу деректеріне сәйкес, 2021 жылы халықтың 26,7 проценті электрондық үкімет қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,1 процентке аз, деп хабарлады finprom.kz сайты.
Қазақстанда цифрландырудың дамуына қарамастан, соңғы бес жыл ішінде ең төмен нәтиже 2021 жылы тіркелді. Салыстыратын болсақ:
2020 жылы көрсеткіш – 30,8%;
2019 жылы — 30,4%;
2018 жылы — 34,6%;
2017 жылы— 33,2%-і құрады.
Өңір бойынша электрондық үкімет қызметін ең белсенді пайдаланушылардың үздік үштігі:
1.
Қарағанды облысы (43,1 процент);
2.
Алматы облысы (36,4 процент);
3.
Шығыс Қазақстан облысы (35,7 процент).
Ал электрондық үкімет қызметін ең аз пайдаланған өңірлер қатарына Маңғыстау, Жамбыл облысы және Шымкент қаласы кірді. Маңғыстау облысында сауалнамаға қатысқан респонденттердің тек 4,7%-і eGov.kz қызметіне жүгінген.
Мамандардың мәліметінше, eGov.kz порталындағы ең танымал қызмет – мемлекеттік басқару органдарының веб-сайты арқылы ақпарат алу. Бұл қызмет түрін халықтың 22,3% пайдаланды.
Айта кетері, 2022 жылдың 1 маусымындағы көрсеткіш бойынша eGov.kz порталындағы ашық деректер жиынтығының өзектілігі 92%-ті құрады. Яғни 37 қосымша мен сервис әзірленді. Сондай-ақ 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша халыққа көрсетілген ең танымал қызмет ХҚКО-дағы электрондық кезек броньдау болды. Бұл қызмет 3,7 миллион рет пайдаланылған.
Екінші ең танымал қызмет – БЖЗҚ салымшысының зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру, қызмет 3,5 миллион рет пайдаланылды. Одан бөлек бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (соттылықтың болмауы туралы анықтама деп аталады) 3,2 миллион рет берілген.
Ескере кететіні: 2020 жылдың ұқсас кезеңінде төтенше жағдай кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем тағайындау қызметі ең танымал болды. Қызметке 8,3 миллион пайдаланушы жүгінді.
Жаңалықтар
0