https://sputnik.kz/20220606/dikiy-arman-qamauda-ustau-merzimi-25347763.html
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы... 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T14:57+0500
2022-06-06T14:57+0500
2022-06-06T14:59+0500
қоғам
мерзім
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_224:199:1486:909_1920x0_80_0_0_186bf390c0731b9176fb987fc25dedf0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.Бұған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылған болатын.Айта кетері, Дикий Арман қаңтар айында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінді. 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" мен ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды. Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қалалық мәслихаттың депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген де ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге "Қазақстан" қонақ үйіне адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің айналасына топтасуға, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар қоюға шақырған. Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірген жаппай төбелеске ұласты, деді Бас прокуратура.
https://sputnik.kz/20220411/qantar-oqigasy-qylmystyq-top-24125854.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_198:169:1185:909_1920x0_80_0_0_02102a6983cafae702f6df2df0a7dd95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мерзім
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды
14:57 06.06.2022 (жаңартылды: 14:59 06.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылған болатын.
Айта кетері, Дикий Арман қаңтар айында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінді. 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" мен ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды. Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.
Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қалалық мәслихаттың депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген де ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге "Қазақстан" қонақ үйіне адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің айналасына топтасуға, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар қоюға шақырған. Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірген жаппай төбелеске ұласты, деді Бас прокуратура.