https://sputnik.kz/20220606/britandyq-kompaniyalar-zhumys-25350549.html
Британиялық компаниялар төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізе бастады
Британиялық компаниялар төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізе бастады
Sputnik Қазақстан
Төрт күндік апта қызметкерлерге, компанияларға және климатқа көмек, деп есептейді зерттеушілер 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T17:09+0500
2022-06-06T17:09+0500
2022-06-06T17:09+0500
әлем
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15611574_0:134:1281:854_1920x0_80_0_0_d158fcc9f49e143ea0d4925e0b16d539.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым - Sputnik. Дүйсенбіден бастап ондаған британиялық компания қызметкерлердің жалақысын төмендетпестен, төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды Sky News телеарнасы. Қысқа жұмыс аптасын түрлі саладағы компаниялар, соның ішінде банк, қонақүй бизнесі және тіпті анимациялық студиялар сынап көреді. Тестілеу алты айға созылады, оған үш мыңнан астам қызметкер қатысады.Эксперимент кезінде фирмалар максималды өнімділікті сақтаған жағдайда барлық қызметкерге толық жалақыға кепілдік береді. Жобаны ұйымдастырушылар осындай өзгерістер қызметкерлердің өнімділігі мен әл-ауқатына әсер етеді деп есептейді. Сынаққа қоршаған орта мен гендерлік теңдікке әсерін бағалайтын университеттердің зерттеушілері жұмылдырылған.Бостон колледжінің әлеуметтану профессоры, эксперименттің жетекші зерттеушісі Джулиет Шор:" төрт күндік апта, әдетте, үш дивидендтік саясат - қызметкерлерге, компанияларға және климатқа көмек", - дейді. Эксперимент идеясы жаңазеландиялық кәсіпкерлер Эндрю Барнс пен Шарлотт Локхартқа тиесілі. Олар жұмыс уақытын қысқарту еңбек өнімділігін арттырады деп мәлімдейді.Олар Autonomy сараптамалық орталығы, Оксфорд және Кембридж университеттері мен Бостон колледжінің ғалымдарымен бірге Ұлыбританияда төрт күндік жұмыс аптасын енгізу жобасын іске асырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15611574_0:0:1139:854_1920x0_80_0_0_de7a614e5ebd1d0d4263571b1f83428b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс
Британиялық компаниялар төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізе бастады
Төрт күндік апта қызметкерлерге, компанияларға және климатқа көмек, деп есептейді зерттеушілер
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым - Sputnik. Дүйсенбіден бастап ондаған британиялық компания қызметкерлердің жалақысын төмендетпестен, төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды
Sky News телеарнасы.
Қысқа жұмыс аптасын түрлі саладағы компаниялар, соның ішінде банк, қонақүй бизнесі және тіпті анимациялық студиялар сынап көреді. Тестілеу алты айға созылады, оған үш мыңнан астам қызметкер қатысады.
Эксперимент кезінде фирмалар максималды өнімділікті сақтаған жағдайда барлық қызметкерге толық жалақыға кепілдік береді. Жобаны ұйымдастырушылар осындай өзгерістер қызметкерлердің өнімділігі мен әл-ауқатына әсер етеді деп есептейді. Сынаққа қоршаған орта мен гендерлік теңдікке әсерін бағалайтын университеттердің зерттеушілері жұмылдырылған.
Бостон колледжінің әлеуметтану профессоры, эксперименттің жетекші зерттеушісі Джулиет Шор:" төрт күндік апта, әдетте, үш дивидендтік саясат - қызметкерлерге, компанияларға және климатқа көмек", - дейді.
Эксперимент идеясы жаңазеландиялық кәсіпкерлер Эндрю Барнс пен Шарлотт Локхартқа тиесілі. Олар жұмыс уақытын қысқарту еңбек өнімділігін арттырады деп мәлімдейді.
Олар Autonomy сараптамалық орталығы, Оксфорд және Кембридж университеттері мен Бостон колледжінің ғалымдарымен бірге Ұлыбританияда төрт күндік жұмыс аптасын енгізу жобасын іске асырды.