Білім

Екі ай ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңнан аса өтініш түсті

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Бүлдіршіндердің жартысынан көбі қазақ тілінде білім алмақ
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Екі ай ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 70,5%-і мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет автоматтандырылды. Құжат қабылдау egov.kz порталы арқылы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ата-аналардың өтінішімен құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыруға болады.
"Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүріп жатыр. Осы ретте ата-аналардың белсенділігін байқауға болады. Биыл мемлекеттік тілде білім алғысы келетін 1-сынып балалары көбейді. Қазақ тілінде оқитын сыныптарға қабылдаудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (91%), Қызылорда (91,5%), Жамбыл (82,2%) және Атырау (80,1%) облыстарында тіркелді", - деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Білім министрлігі жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барлығы 400 мыңнан астам бала барады деп болжап отыр.
Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.
Балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Білім
Қазақстанда балабақшаларға қойылатын талаптар қатаңдатылады
Жаңалықтар
0