https://sputnik.kz/20220606/askeriler-olim-qorganys-ministri-25356264.html
Бейбіт уақытта әскерилердің өліміне жол беруге болмайды – қорғаныс министрі
Бейбіт уақытта әскерилердің өліміне жол беруге болмайды – қорғаныс министрі
Sputnik Қазақстан
Қорғаныс министрлігінде "Әскерде өлімге жол бермеу" бағдарламасы әзірленеді 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T20:27+0500
2022-06-06T20:27+0500
2022-06-06T20:27+0500
әскери қызметкер
өлім-жітім
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23491790_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_c2af438b018e68462321e2b606346f5b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің өліміне жол бермеу шараларын қабылдайды.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңес өткізіп, жазғы оқу кезеңінің басталуына байланысты міндеттерді нақтылады.Сонымен қатар әскери қызметтің тұтастай алғанда, қауіп төндіретін көптеген фактормен байланысты екендігі аталып өтті. Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бірқатар жағымсыз құбылыс азаматтық өмірден Қарулы күштердің қатарына ауысып жатады."Осыған байланысты жеке құрамның қаза болуы мен жарақаттану себептеріне жан-жақты талдау жүргізетін "әскерде өлімге жол бермеу" бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобын құру тапсырылды", - делінген хабарламада.Бағдарламаны әзірлеуге қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары, ардагерлер ұйымдары, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдері, психологтар тартылады. Осы бағдарламаны іске асырудың негізгі нысаналы индикаторы Қарулы күштерде қаза табу фактілерін толығымен жою болуға тиіс.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударған болатын.Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20220604/toqaev-asker-olim-zhitimn-25294011.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23491790_138:0:1578:1080_1920x0_80_0_0_2a81ae1e01a2c86bac97dde2ffc21d26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, өлім-жітім
әскери қызметкер, өлім-жітім
Бейбіт уақытта әскерилердің өліміне жол беруге болмайды – қорғаныс министрі
Қорғаныс министрлігінде "Әскерде өлімге жол бермеу" бағдарламасы әзірленеді
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің өліміне жол бермеу шараларын қабылдайды.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңес өткізіп, жазғы оқу кезеңінің басталуына байланысты міндеттерді нақтылады.
"Әскери қызмет қауіпсіздігі жеке мәселе ретінде көтерілді. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қаза болуы мәселелеріне тоқталды. Ол бейбіт уақытта мұндай фактілерге жол берілмейтінін және барлық лауазымды тұлға мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауы керек екенін атап өтті", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар әскери қызметтің тұтастай алғанда, қауіп төндіретін көптеген фактормен байланысты екендігі аталып өтті. Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бірқатар жағымсыз құбылыс азаматтық өмірден Қарулы күштердің қатарына ауысып жатады.
"Осыған байланысты жеке құрамның қаза болуы мен жарақаттану себептеріне жан-жақты талдау жүргізетін "әскерде өлімге жол бермеу" бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобын құру тапсырылды", - делінген хабарламада.
Бағдарламаны әзірлеуге қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары, ардагерлер ұйымдары, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдері, психологтар тартылады. Осы бағдарламаны іске асырудың негізгі нысаналы индикаторы Қарулы күштерде қаза табу фактілерін толығымен жою болуға тиіс.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударған болатын.
Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.