Оқиға

Алматыда сауда үйі өртенді – видео

© Sputnikөрт сөндіру көлігі
өрт сөндіру көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Өрт сауда ғимаратына іргелес орналасқан бургер мен донер сататын дүңгіршектен шыққан
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Алматының Самал ауданында орналасқан сауда орталығы өрттен зардап шекті, деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖД хабарлауынша, Меңдіқұлов, 98 мекенжайында өрт 6 маусымда сағат 05:45-те туындаған.
Сауда үйіне іргелес орналасқан донер сататын орыннан өрт шыққан. Артынша тілсіз жау екінші қабат пен ғимарат шатырына қарай ығысқан.
"Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына сағат 05:50-де (5 минутта) жетті. Сағат 06:16-да өрт ауыздықталып, 06:30-да сөндірілді. Сауда үйі аумағының басым бөлігін өрттен аман алып қалдық", - деп хабарлады ТЖД.
Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0