https://sputnik.kz/20220605/zherasty-meshiti-video-25309188.html
Ақтау тұрғыны жерасты мешітінің аспаннан түсірілген видеосын жариялады
Ақтау тұрғыны жерасты мешітінің аспаннан түсірілген видеосын жариялады
Sputnik Қазақстан
Жергілікті аңызға сүйенсек, ол жерде кез келген ауруды емдей алатын Шақпақ ата есімді емші тұрған 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T12:00+0500
2022-06-05T12:00+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
мешіт
ақтау
https://sputnik.kz/img/old/685/95/6859573_0:35:601:373_1920x0_80_0_0_be772a9bbb5d66ee3720603c6f91a16a.jpg
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Ақтау тұрғыны Нұркен Тәжібай әлеуметтік желідегі парақшасында Шақпақ ата жерасты мешітінің аспаннан түсірілген видеосын жариялады. Inaktau сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мешіт – табиғи құбылыс емес, оны адамдар өз қолымен салған. Мешіттің ішкі кеңістігі бор жартастан қашап салынған. "Шақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына жақын Оңғазы (Өңеже) тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы) орналасқан", – деп жазған жазба авторы.Жергілікті аңызға сүйенсек, ол жерде кез келген ауруды емдей алатын Шақпақ ата есімді емші тұрған. Оған жан мен тәнінің емі үшін елдің түкпірінен адамдар келген. Шақпақ атаның өмірден өткеніне ғасырлар өтсе де, бірақ адамдар ежелгі емшінің күші көмектесер деген ниетпен үңгірге күні бүгінге дейін келетін көрінеді. Шақпақ атаның өмір сүрген уақыты белгісіз. Зерттеушілердің айтуы бойынша, шамамен орта ғасыр болуы керек. Басқа аңызға сүйенсек, Шақпақ ата – мешіттің негізін салушы адамның есімі емес. Шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан, діндарлығымен қатар қалмақтармен соғыста атағы шыққан батырдың есімі. Ел аузында сақталған мәліметтерге қарағанда, Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген. Шайқастарда оның қаруынан шақпақтан сияқты от шыққанына оны Шақпақ ата атап кеткен екен. Кейбір ғалымдардың айтуынша, аңыздарда Шақпақ ата жыландардың әміршісі болып, өлген адамдардың сүйеушісі болған. Ал тарихи тұлға ретінде – Шопан атаның немересі болып табылған. Ал мешіттің негізін салушы адамның шын есімін туралы көптеген ғалымдар, бұл – Шахмардан деп жазады. Іс жүзінде Шопан атаның екі ұлы болған: Шахрух ата (Шағырық ата) және Исан ата. Шахрухтың да екі ұлы болған: Қапаш ата (Қапан ата) және тастан отты оңай шығару, жауды отпен күлге айналдыру қабілетіне ие болғаны үшін Шақпақ ата деп аталған Шахмардан. Сондай-ақ археологтар мұнда тас және қола дәуіріндегі адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін тапты. Кейінірек үңгірде Қазақстан жеріне Ираннан келген зороастризмнің ізбасарлары отқа табынды.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/685/95/6859573_28:0:571:407_1920x0_80_0_0_0b2d9d840647a7f5bd4700cde9836810.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мешіт, ақтау
Ақтау тұрғыны жерасты мешітінің аспаннан түсірілген видеосын жариялады
12:00 05.06.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Жергілікті аңызға сүйенсек, ол жерде кез келген ауруды емдей алатын Шақпақ ата есімді емші тұрған
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Ақтау тұрғыны Нұркен Тәжібай әлеуметтік желідегі парақшасында Шақпақ ата жерасты мешітінің аспаннан түсірілген видеосын жариялады.
Inaktau сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мешіт – табиғи құбылыс емес, оны адамдар өз қолымен салған. Мешіттің ішкі кеңістігі бор жартастан қашап салынған.
"Шақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына жақын Оңғазы (Өңеже) тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы) орналасқан", – деп жазған жазба авторы.
Жергілікті аңызға сүйенсек, ол жерде кез келген ауруды емдей алатын Шақпақ ата есімді емші тұрған. Оған жан мен тәнінің емі үшін елдің түкпірінен адамдар келген. Шақпақ атаның өмірден өткеніне ғасырлар өтсе де, бірақ адамдар ежелгі емшінің күші көмектесер деген ниетпен үңгірге күні бүгінге дейін келетін көрінеді.
Шақпақ атаның өмір сүрген уақыты белгісіз. Зерттеушілердің айтуы бойынша, шамамен орта ғасыр болуы керек.
Басқа аңызға сүйенсек, Шақпақ ата – мешіттің негізін салушы адамның есімі емес. Шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан, діндарлығымен қатар қалмақтармен соғыста атағы шыққан батырдың есімі. Ел аузында сақталған мәліметтерге қарағанда, Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген. Шайқастарда оның қаруынан шақпақтан сияқты от шыққанына оны Шақпақ ата атап кеткен екен.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, аңыздарда Шақпақ ата жыландардың әміршісі болып, өлген адамдардың сүйеушісі болған. Ал тарихи тұлға ретінде – Шопан атаның немересі болып табылған.
Ал мешіттің негізін салушы адамның шын есімін туралы көптеген ғалымдар, бұл – Шахмардан деп жазады. Іс жүзінде Шопан атаның екі ұлы болған: Шахрух ата (Шағырық ата) және Исан ата.
Шахрухтың да екі ұлы болған: Қапаш ата (Қапан ата) және тастан отты оңай шығару, жауды отпен күлге айналдыру қабілетіне ие болғаны үшін Шақпақ ата деп аталған Шахмардан.
Сондай-ақ археологтар мұнда тас және қола дәуіріндегі адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін тапты. Кейінірек үңгірде Қазақстан жеріне Ираннан келген зороастризмнің ізбасарлары отқа табынды.