Жалпыхалықтық референдум: 7 млн қазақстандық дауыс берді

© Sputnik/Александр МирогловДауыс беру
Дауыс беру - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Референдум өткізілген болып саналуы үшін барлық дауыс берушінің жартысынан көбі таңдауын жасауға тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс берушілердің 60,80%-і таңдауын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өңірлердегі аумақтық комиссиялардың мәліметінше, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республикалық референдумда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 60,80%-і немесе 7 127 366 адам дауыс берді", - деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Референдум өткізілген болып саналуы үшін барлық дауыс берушінің жартысынан көбі таңдауын жасауға тиіс. Өңірлер арасында ең жоғары белсенділік Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында (25,95%).
Өңірлер арасында кім көш бастап келеді:
Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40%
Алматы қаласы – 25,95%
Шымкент қаласы – 63,34%
Ақмола облысы – 65,11 %
Ақтөбе облысы – 53,52%
Алматы облысы – 66,58%
Атырау облысы – 56,19 %
Батыс Қазақстан облысы – 57,70%
Жамбыл облысы – 67,36%
Қарағанды облысы – 68,69%
Қостанай облысы – 69,18%
Қызылорда облысы – 72,26%
Маңғыстау облысы – 53,13%
Павлодар облысы – 64,58 %
Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80%
Түркістан облысы – 72%
Шығыс Қазақстан облысы – 68,30%.
Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 262 973 қазақстандық немесе 53,43 процент дауыс берді. Қазақстандықтар үшін он мыңнан астам референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Ішкі істер министрлігі әзірге ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді.
Референдум учаскелері елдің басым бөлігінде астана уақытымен таңғы сағат жетіде, ал бес өңірде – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында уақыт белдеуіне байланысты бір сағатқа кеш ашылды.
Айта кетері, республикалық референдумда 11,7 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы.
Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Қоғам
Назарбаев референдумда дауыс берді
Жаңалықтар
0