https://sputnik.kz/20220605/zhalpykhalyqtyq-referendum-qazaqstan-dauys-beru-uchaskeleri-25249536.html
Жалпыхалықтық референдум: Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру учаскелері ашылды
Жалпыхалықтық референдум: Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру учаскелері ашылды
Sputnik Қазақстан
Бүгін, 5 маусым қазақстандықтар Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу туралы республикалық референдумда дауыс береді 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T06:00+0500
2022-06-05T06:00+0500
2022-06-05T06:00+0500
қоғам
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/05/18/25031790_0:2:1917:1080_1920x0_80_0_0_9c87c99916baf6639723bc97af601c41.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның бірқатар өңірінде елорда уақытымен таңғы сағат 07.00-де дауыс беру учаскелері ашылды. Қалған бес облыста – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында уақыт белдеуі арасындағы айырмашылыққа байланысты дауыс беру бір сағатқа кеш басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Соңғы рет жалпыхалықтық референдум 27 жыл бұрын, қолданыстағы Ата заң қабылданған кезде өткізілген еді. 1995 жылдан бері барлық түзету мен өзгеріс Конституцияға парламент арқылы енгізіліп келді. Ал биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік берді.Бес облысты қоспағанда, елдің басым бөлігінде референдум учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы жетіде ашылды. 18 жасқа толған қазақстандықтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.Айта кетері, референдумға iс-әрекетке қабілетсiз деп танылған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.Ал кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жабылады.Жалпы Қазақстан бойынша республикалық референдум кезінде дауыс беру үшін 10 013 учаске жұмыс істейді. Ал сайлаушылар тізіміне барлығы 11 722 536 азамат енгізілген. Тиісінше, референдумға бір проценттік резервпен 11 839 761 бюллетень әзірленді.Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары да республикалық референдумға қатыса алады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 52 мемлекетте республиканың шетелдегі мекемелері жанынан 65 учаскелік комиссия құрылған.Референдум барысын бақылауға халықаралық бақылаушылар шақырылды. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 272 өкілі тіркелді.Айта кетері, республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.Референдумда қандай сұрақ қойыладыБюллетеньді алғаннан кейін сайлаушы дауыс беруге арналған кабинаға кіреді.Бюллетеньде бір ғана сұрақ қойылады:"2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".Оған "иә" немесе "жоқ" деп дауыс беру керек. Сайлаушы өзі жақтап дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.Ескерту: бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді.Толтырып болған соң, бюллетеньді дауыс беруге арналған урнаға салу керек.Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледіЖалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізу көзделіп отыр.Мәселен, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді. Сондай-ақ, президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол берілмейді. Бұған қоса, президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушы қызметін атқаруға да тыйым салынады. Сонымен қатар, 91-баптан Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президент – Елбасы мен оның статусын алып тастау көзделген.Конституциялық сот, Жоғарғы сот және өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелеріне партия мүшесі болуға тыйым салынады.Сенаттағы президент квотасы 10 депутатқа дейін қысқарады. Мәжіліс пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайланады. Депутатты кері қайтару жүйесі енгізіледі.Бұдан бөлек, Конституциялық сот құрылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата етіп өзгереді.Сонымен қатар өлім жазасын толығымен жою көзделіп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/18/25031790_238:0:1679:1081_1920x0_80_0_0_ceb7223179817ab0a850348f5c05e62b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум
Жалпыхалықтық референдум: Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру учаскелері ашылды
Бүгін, 5 маусым қазақстандықтар Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу туралы республикалық референдумда дауыс береді
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның бірқатар өңірінде елорда уақытымен таңғы сағат 07.00-де дауыс беру учаскелері ашылды. Қалған бес облыста – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында уақыт белдеуі арасындағы айырмашылыққа байланысты дауыс беру бір сағатқа кеш басталады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Соңғы рет жалпыхалықтық референдум 27 жыл бұрын, қолданыстағы Ата заң қабылданған кезде өткізілген еді. 1995 жылдан бері барлық түзету мен өзгеріс Конституцияға парламент арқылы енгізіліп келді. Ал биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік берді.
Бес облысты қоспағанда, елдің басым бөлігінде референдум учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы жетіде ашылды. 18 жасқа толған қазақстандықтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.
Айта кетері, референдумға iс-әрекетке қабілетсiз деп танылған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Ал кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жабылады.
Жалпы Қазақстан бойынша республикалық референдум кезінде дауыс беру үшін 10 013 учаске жұмыс істейді. Ал сайлаушылар тізіміне барлығы 11 722 536 азамат енгізілген. Тиісінше, референдумға бір проценттік резервпен 11 839 761 бюллетень әзірленді.
Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары да республикалық референдумға қатыса алады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 52 мемлекетте республиканың шетелдегі мекемелері жанынан 65 учаскелік комиссия құрылған.
Референдум барысын бақылауға халықаралық бақылаушылар шақырылды. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 272 өкілі тіркелді.
Айта кетері, республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Референдумда қандай сұрақ қойылады
Бюллетеньді алғаннан кейін сайлаушы дауыс беруге арналған кабинаға кіреді.
Бюллетеньде бір ғана сұрақ қойылады:
"2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".
Оған "иә" немесе "жоқ" деп дауыс беру керек. Сайлаушы өзі жақтап дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.
Ескерту: бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Толтырып болған соң, бюллетеньді дауыс беруге арналған урнаға салу керек.
Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледі
Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізу көзделіп отыр.
Мәселен, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді. Сондай-ақ, президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол берілмейді. Бұған қоса, президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушы қызметін атқаруға да тыйым салынады. Сонымен қатар, 91-баптан Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президент – Елбасы мен оның статусын алып тастау көзделген.
Конституциялық сот, Жоғарғы сот және өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелеріне партия мүшесі болуға тыйым салынады.
Сенаттағы президент квотасы 10 депутатқа дейін қысқарады. Мәжіліс пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайланады. Депутатты кері қайтару жүйесі енгізіледі.
Бұдан бөлек, Конституциялық сот құрылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата етіп өзгереді.
Сонымен қатар өлім жазасын толығымен жою көзделіп отыр.