https://sputnik.kz/20220605/uchaske-dauys-beru-bastaldy-25296518.html
Он екі өңірде 8 089 учаскеде дауыс беру басталды – ОСК
Он екі өңірде 8 089 учаскеде дауыс беру басталды – ОСК
Sputnik Қазақстан
5 маусым Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде жалпыхалықтық референдум. 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T06:38+0500
2022-06-05T06:38+0500
2022-06-05T06:38+0500
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25296191_0:104:1620:1015_1920x0_80_0_0_c3896af97363ecd4e086609e61be5526.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның он екі өңірінде референдум учаскелері ашылды. Сонымен қатар он шет мемлекетте де дауыс беру басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Уақыт белдеуіне байланысты бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де, яғни елорда уақытымен таңғы сегізде басталады. Республика бойынша барлығы 10 012 референдум учаскесі құрылды. Ал 52 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Айта кетері, бүгін, 5 маусым Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде жалпыхалықтық референдум. Бес облысты қоспағанда, елдің басым бөлігінде референдум учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы жетіде ашылды. 18 жасқа толған қазақстандықтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. Кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жабылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25296191_102:0:1542:1080_1920x0_80_0_0_7496116945c128fe27fb1441a7b2d4bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум
Он екі өңірде 8 089 учаскеде дауыс беру басталды – ОСК
5 маусым Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде жалпыхалықтық референдум.
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның он екі өңірінде референдум учаскелері ашылды. Сонымен қатар он шет мемлекетте де дауыс беру басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Таңғы 07.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 089 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сонымен қатар 10 шет мемлекетте Қазақстанның өкілдіктері жанынан 12 учаске ашылды. 36 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешімімен дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 06.00-де басталды", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Уақыт белдеуіне байланысты бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де, яғни елорда уақытымен таңғы сегізде басталады.
Республика бойынша барлығы 10 012 референдум учаскесі құрылды. Ал 52 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Айта кетері, бүгін, 5 маусым Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде жалпыхалықтық референдум.
Бес облысты қоспағанда, елдің басым бөлігінде референдум учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы жетіде ашылды.
18 жасқа толған қазақстандықтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. Кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жабылады.