Танымал тұлғалар дауыс беру учаскесіне барып, таңдауын жасады - видео

© Sputnik / Владислав ВодневТанымал тұлғалар таңдауын жасады
Танымал тұлғалар таңдауын жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы мәліметі бойынша Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда дауыс берушілердің жартысынан көбі таңдауын жасады. Дауыс бергендердің арасында елге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, шенеуніктер, актер, әншілер де бар, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дауыс беруге асыққандардың бірі - білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болды.
"Референдумға қатысып, өз учаскемде дауыс бердім. Жалпы дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Сайлаушылардың белсенді қатысуына қарамастан, комиссия мүшелері жұмысын тиянақты істеп жатыр. 2022 жылдың 5 маусымы Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің біріне айналатынына сенімдімін", - деп жазды ол.
Әлеуметтік желідегі парақшасында дауыс беру учаскесіндегі суретін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсіп министрі Бағдат Мусин де бөлісті. Ол кіші баласымен бірге барған.
"Өзіміздің және келешек ұрпақтың болашағы үшін дауыс бердік", – деді ол жазбасында.
Өз таңдауын жасаған шенеуніктер қатарында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да бар. Сондай-ақ мемлекеттік лауазымды тұлғалар да саяси шараның бел ортасында. Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу оқушылар сарайында орналасқан 59-шы учаскеге барып, таңдау жасады.
Белгілі қазақстандық скрипкашы Жәмиля Серкебаева да жалпыхалықтық референдумнан тыс қалмай, Алматыдағы Ұлттық кітапхана ғимаратында дауыс берді. Белсенді азаматтық ұстанымы бар танымал тұлғалар арасында шахматшы Жансая Әбдімәлік те болды.
"Тарихи күн! Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі республикалық референдумға қатыстым. Мен өз таңдауымды жасадым", - деп жазды халықаралық дәрежедегі гройссмейстер.
Жалпыхалықтық референдумнан спортшылар да тыс қалмады. Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев елордадағы 113 учаскеге келіп өз дауысын берді. Спортшы елдің саяси өміріндегі маңызды шараға үлес қосу - борыш деп отыр.
"Жарқын болашақ үшін дауыс бердім. Әлем елдерінде Конституциясына өзгерістер енгізіліп тұрады. Біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл болды. Сондықтан өзгеретін уақыт келді. Біздің Конституциямызға өзгерістер керек деп ойлаймын", – дейді Лондон олимпиадасының чемпионы.
Айтулы күнде өз таңдауын жасағандардың бірі – Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов. Ол негізі тұрғылықты жері бойынша Түркістандағы сайлау учаскесінде дауыс беруі керек болған. Алайда таяуда өтетін жарысқа жаттығу үшін Елордаға келген. Есептен шығу қағазын алып, Нұр-Сұлтандағы 58-ші учаскеде өз дауыс берді.
Референдумға қатысты спортшы: "Негізі бүгін еліміз Қазақстан үшін тарихи маңызды және жауапты күн. Президентіміздің бастамасымен Ата заңымызда өзгеретін, енгізілетін жаңа жобаларға бүкіл халық болып дауыс беретін күн. Дауыс беру ашық түрде өтіп жатыр. Мен дауыс бердім", - деген пікірін білдірді.
Отандық әншілер де референдумнан тыс қалмады. "Нұр-Мұқасан" тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев, "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов, әнші Сәкен Майғазиев өз сайлау учаскесінде дауыс берді.
Одан бөлек Қазақстанның халық әртістері Нұрғали Нүсіпжанов пен Алтынбек Қоразбаев та референдумға қатысушылар қатарынан табылды.
"Мен дауыс беруге келдім. "Жаңа Қазақстанды" құру үшін әркім өз таңдауын жасауы керек", - деген Мұқасан Шахзадаев таңдау жасауға шақырды.
Алматы қаласындағы жалпы білім беретін 125 мектепте дауыс берген жазушы Смағұл Елубай мен мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин жалпыхалықтық референдумға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық борышы екенін айтты.
"Өзгерістер мен әділетті Қазақстан үшін, бала-шағамыздың болашағы үшін дауыс бердік", – деді жазушы Смағұл Елубай.
"Халық өз елінің тұтастығын сақтау үшін бір адамдай жұмылып, дауыс беру керек деп ойлаймын мен. Өйткені бұл дауыс беру референдумның ғана тағдырын шешіп қоймайды. Халықтың, елдің, ұрпақтың ертеңін шешетін үлкен жалпыхалықтық сайлаудың үлгісі деп бағалау керек", - деді мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.
Ал белгілі актер Асанәлі Әшімов өз таңдауын Шымкент қаласында жасады. Әр облыс және қала әкімдігінің баспасөз қызметі де өз аймақтарының басшылары дауыс бергенін жарыса жариялап жатыр.
© Photo : акимат АлматыАлматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге
На избирательный участок пришли аким Алматы Ерболат Досаев вместе с супругой проголосовать на референдуме - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге
Әлеуметтік желілерде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың дауыс беріп жатқан суреттері жарияланды.
Одан бөлек әлеуметтік желіде ШҚО-дан шыққан қазақстандық спортшылардың референдумда дауыс беріп жатқан суреттері шықты. Олардың қатарында қазақ күресінен әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айбек Нұғымаров және Қазақстанның танымал футболшылары Давид Лория, Самат Смақов, Андрей Карпович бар.
Самал Еслямова референдумда дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Актриса Самал Еслямова референдумда дауыс берді
Жаңалықтар
0