https://sputnik.kz/20220605/taldyqorganda-zhogalyp-ketken-ayel-25307492.html
Талдықорғанда жоғалып кеткен әйел 12 күннен бері табылмай жатыр
Талдықорғанда жоғалып кеткен әйел 12 күннен бері табылмай жатыр
Sputnik Қазақстан
Ол үш айлық баласын абысынына ұстатып кеткен 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T11:39+0500
2022-06-05T11:39+0500
2022-06-05T11:39+0500
өңірлер
талдықорған
әйел
https://sputnik.kz/img/965/04/9650495_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_355211fd8311dda57a838d5201940836.jpg
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Талдықорғанда 12 күннен бері 38 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Шолпан Шайзанова 24 мамырда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған. Ол 3 айлық баласын абысынына ұстатып кеткен, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі. Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шолпан Шайзанованы іздеуге бүкіл кезекші қызметтер мен 100-ден аса ерікті жұмылдырылғанымен, әзірге нәтиже жоқ. "Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Арнайы үйретілген иттер де іздеуге жұмылдырылды. Осыдан бірнеше күн бұрын иттер Талдықорған қаласындағы көшелердің бірінен ізін тапты, бірақ одан ары қарай із жоғалып кетті. Ізі табылған көше бойындағы барлық үйді, ауланы, қора-жайды тінтіп шықтық", - дейді облыстық полиция департаментінің қызметкері Ернар Сайделдин.Оның айтуынша, іздеу жұмыстары күн-түн демей жалғасып жатыр."Талдықорған қаласын бастан-аяқ 2-3 рет іздестірдік. Қала сыртында да жұмыстар жүргізілді", - деді Сайделдин.Шолпан Шайзанова ашық көк жейде, спорт шалбарын киген. Бойы 160 сантиметр, дене бітімі орташа, 1984 жылы туған. Туыстары оның қайда екенін білетіндерден 8 705 770 04 38 нөміріне хабарласуын сұрайды. Әйелді табуға мүмкіндік беретін ақпаратқа 300 000 теңге сыйақы беріледі.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/965/04/9650495_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f6651075b769c5081812d42f2c0609c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, әйел
Талдықорғанда жоғалып кеткен әйел 12 күннен бері табылмай жатыр
Ол үш айлық баласын абысынына ұстатып кеткен
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Талдықорғанда 12 күннен бері 38 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Шолпан Шайзанова 24 мамырда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған. Ол 3 айлық баласын абысынына ұстатып кеткен, деп жазады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шолпан Шайзанованы іздеуге бүкіл кезекші қызметтер мен 100-ден аса ерікті жұмылдырылғанымен, әзірге нәтиже жоқ.
"Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Арнайы үйретілген иттер де іздеуге жұмылдырылды. Осыдан бірнеше күн бұрын иттер Талдықорған қаласындағы көшелердің бірінен ізін тапты, бірақ одан ары қарай із жоғалып кетті. Ізі табылған көше бойындағы барлық үйді, ауланы, қора-жайды тінтіп шықтық", - дейді облыстық полиция департаментінің қызметкері Ернар Сайделдин.
Оның айтуынша, іздеу жұмыстары күн-түн демей жалғасып жатыр.
"Талдықорған қаласын бастан-аяқ 2-3 рет іздестірдік. Қала сыртында да жұмыстар жүргізілді", - деді Сайделдин.
Шолпан Шайзанова ашық көк жейде, спорт шалбарын киген. Бойы 160 сантиметр, дене бітімі орташа, 1984 жылы туған. Туыстары оның қайда екенін білетіндерден
8 705 770 04 38 нөміріне хабарласуын сұрайды. Әйелді табуға мүмкіндік беретін ақпаратқа
300 000 теңге сыйақы беріледі.