https://sputnik.kz/20220605/referendum-bes-sagat-dauys-berdi-25308145.html
Референдум-2022: бес сағатта қазақстандықтардың 43,70%-і дауыс берді
Референдум-2022: бес сағатта қазақстандықтардың 43,70%-і дауыс берді
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласында дауыс берушілердің белсенділігі бәрінен төмен 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T11:18+0500
2022-06-05T11:18+0500
2022-06-05T11:21+0500
саясат
референдум
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25306744_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_40ca22f5088cb7a3873fd168a8aa054e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдумда тұрғындардың 43,70%-і проценті дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Қарағанды облысы белсенділік танытуда. Алматы қаласында дауыс берушілердің белсенділігі бәрінен төмен. Сағат 10.00-де республика бойынша тізімдегілердің 28,59 проценті дауыс берген болатын. Қазақстандықтар он мыңнан астам учаскеде дауыс беріп жатыр. Референдум учаскелері елдің басым бөлігінде астана уақытымен таңғы сағат жетіде, ал бес өңірде уақыт белдеуіне байланысты бір сағатқа кеш ашылды. Елордадағы сайлау учаскелерінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та өз таңдауын жасады. Сонымен қатар сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, министрлер мен әкімдер де дауыс берді. Айта кетері, республикалық референдумда 11,7 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы. Заң бойынша, референдум өткізілген болып саналуы үшін сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге тиіс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25306744_117:0:2848:2048_1920x0_80_0_0_c0141764538b1cf07c88f61cc02a6f48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, қазақстандықтар
референдум, қазақстандықтар
Референдум-2022: бес сағатта қазақстандықтардың 43,70%-і дауыс берді
11:18 05.06.2022 (жаңартылды: 11:21 05.06.2022) Алматы қаласында дауыс берушілердің белсенділігі бәрінен төмен
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдумда тұрғындардың 43,70%-і проценті дауыс берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өңірлердегі аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республикалық референдумда дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 43,70%-і бюллетень алды", - деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Қарағанды облысы белсенділік танытуда. Алматы қаласында дауыс берушілердің белсенділігі бәрінен төмен. Сағат 10.00-де республика бойынша тізімдегілердің 28,59 проценті дауыс берген болатын. Қазақстандықтар он мыңнан астам учаскеде дауыс беріп жатыр.
Референдум учаскелері елдің басым бөлігінде астана уақытымен таңғы сағат жетіде, ал бес өңірде уақыт белдеуіне байланысты бір сағатқа кеш ашылды. Елордадағы сайлау учаскелерінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та өз таңдауын жасады. Сонымен қатар сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, министрлер мен әкімдер де дауыс берді.
Айта кетері, республикалық референдумда 11,7 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы. Заң бойынша, референдум өткізілген болып саналуы үшін сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге тиіс.