Қазақстанның басым бөлігінде учаскелер жабылды: қанша адам дауыс берді

© Sputnik / Владислав ВодневБаннер с датой референдума в Казахстане
Баннер с датой референдума в Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Елдің батыс өңірлерінде референдум учаскелері бір сағаттан кейін жабылады. Сондай-ақ шет мемлекеттерде де дауыс беру жалғасып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Республиканың он екі өңірінде сайлау учаскелері жабылды. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша референдумда қазақстандықтардың 67,65 пайызы немесе 7 936 655 адам дауыс берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өңірлердегі аумақтық комиссиялардың мәліметінше, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республикалық референдумда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 %-і немесе 7 936 655 адам дауыс берді", - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Елдің 12 өңірінде референдум учаскелері елорда уақытымен 20.00-де жабылды. Бюллетеньдерді санау жұмысы басталады. Ал бес өңірде – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру бір сағаттан кейін, астана уақытымен 21.00-де аяқталады.
Шет елдерде жүрген қазақстандықтар да референдумнан тыс қалмады. 52 шет мемлекетте Қазақстанның өкілдіктері жанынан 65 референдум учаскесі ашылды.
Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, шет елдерде дауыс беретін сайлаушылар тізіміне 11 350 отандасымыз енген. Елорда уақытымен 19.00-дегі жағдай бойынша 5 100 қазақстандық дауыс беріп үлгерді. Бұл тізімге енгізілген сайлаушылардың 45 проценті.
Қытай, Корея, Жапония және тағы басқа елдерде дауыс беру аяқталып, референдум учаскелері жабылған. Қазір бюллетеньдерді санау жұмысы жүріп жатыр. Кейбір учаскелерде сайлаушылардың жүз пайызы дауыс беруге келген. Қалған елдерде дауыс беру әлі жалғасып жатыр.
Өңірлер бойынша дауыс бергендер саны:
Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06%
Алматы қаласы – 32,25%
Шымкент қаласы – 72,53%
Ақмола облысы – 73,81%
Ақтөбе облысы – 55,90%
Алматы облысы – 72,83%
Атырау облысы – 62,45 %
Батыс Қазақстан облысы – 65,49%
Жамбыл облысы – 69,59%
Қарағанды облысы – 77,39%
Қостанай облысы – 72,28%
Қызылорда облысы – 75,02%
Маңғыстау облысы – 59,14%
Павлодар облысы – 75,53 %
Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49%
Түркістан облысы – 80,66%
Шығыс Қазақстан облысы – 77,49%.
Жаңалықтар
0