Семейде адамдарды өрттен құтқарған педагог марапатталды

© PhotoСемейде адамдарды өрттен құтқарған педагог марапатталды
Семейде адамдарды өрттен құтқарған педагог марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Бұған дейін көпбалалы батыр әке қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары Назарбаев зияткерлік мектебінің Семей қалалық филиалы директорының орынбасары Дәурен Жамбаевты марапаттады.
Оқу ісінің меңгерушісі ерлік жасағаны үшін марапатқа ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Ол 29 мамырда Достоевский көшесінде орналасқан қос қабатты дәмханадан шыққан өрт кезінде екі адамды аман алып қалды.
"Ол ғимараттан шыққан адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, артынша кірпішпен терезені сындырып, түтін арасынан екінші адамды алып шықты. Қауіп-қатерге толы бұл сәтте Дәурен өз өміріне төнген қауіп жайлы ойламаған. Кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дәмханадан төрт газ баллонын алып шыққан", - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0