Эйфель мұнарасына найзағай түсті

© Sputnik / Dominic Buten / Медиабанкке өтуЭйфелева башня в Париже с включенной подсветкой
Эйфелева башня в Париже с включенной подсветкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Ресми дерек бойынша, мұнараны жылына шамамен 5 рет найзағай соғады екен
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Француз фотографы Кулик Бертран Эйфель мұнарасына найзағай түскен сәтті суретке түсіріп алды, деп жазды РИА Новости.
Кулик Бертран бұл туралы өзінің Twitter парақшасында хабарлаған. Ол бұл оқиға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 21:00-де болғанын жазған.
"Эйфель мұнарасына найзағай түскен сәт. Бұл көрініс бір уақытта екі камерамен түсірілді", - деп жазған Бертран әсерлі суретті бөлісті.
Эйфель мұнарасының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, мұндай жағдай жылына шамамен бес рет болады. Мұнараға найзағай түсуі оған ешқандай зақым келтірмейтіні және халыққа қауіп төндірмейтіні туралы жазылған.
Бұған дейін Францияда найзағайдың салдарынан шамамен бес мың адам жарықсыз қалғаны хабарланған.
Жаңалықтар
0