Қоғам

Димаш Меккеге барды - фото

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Әнші көптен бері әжелерін Меккеге апаруды армандағанын айтты
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазір Меккеде жүр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Димаш көптен бері Меккеге әжелерін апаруды армандағанын айтты.
"Алланың қалауымен Меккедеміз. Осы қасиетті мекенге жетуімізді нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік. Мен әжелерімді осы сапарға әкелуді көптен армандадым. Бүкіл әлемде бейбітшілік болып, жер бетіндегі барлық адамдар бақытты болсын!",- деп жазды Димаш.
Әнші желідегі парақшасында қасиетті мекеннен бірнеше сурет пен видео жариялады.
Жаңалықтар
0