Бердібек Сапарбаев президентпен не үшін кездескенін айтты

© Арман АсқарСапарбаев дауыс беруге келді
Сапарбаев дауыс беруге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде "жаңа облысқа әкім болып бару мүмкін" деген болжамға қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев президентпен не үшін кездескенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласының №59 референдум учаскесінде дауыс берді.
Журналистер экс-әкімнен президентпен не үшін кездескенін сұрады.
"Менің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемеұлына кірген мақсатым - ол кісінің берген тапсырмалары қалай орындалғанын және қандай жұмыстар жасалғанын айту. Одан кейін аз да болса, тәжірибеміз бар. Өзімнің ойымен, пікіріммен бөлістім. Оны мемлекет басшысы қабылдады",- деді Сапарбаев.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде "жаңа облысқа әкім болып бару мүмкін" деген болжамға қатысты пікір білдірді.
"Ондай әңгімелер көп. Ешқандай ұсыныс жоқ. Мен қазір үйде, бала-шағаммен отырмын. Қызметке шықарса...Егер менің тәжірибем, білімім Отаныма, халқыма керек болса, онда, әрине, халық үшін қызмет етуге дайынбыз",- деп атап өтті Сапарбаев
Жаңалықтар
0