Қоғам

Таңғы сағат жетіден бастап қазақстандықтардың 53,43%-і дауыс берді

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание ЦИК Казахстана
Здание ЦИК Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Ол референдум өткізілген болып саналуы үшін барлық сайлаушының жартысынан көбі дауыс беруге тиіс екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдумда сайлаушылардың 53,43%-і проценті дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өңірлердегі аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республикалық референдумда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,43%-і дауыс берді", - деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.
Ол референдум өткізілген болып саналуы үшін барлық сайлаушының жартысынан көбі дауыс беруге тиіс екенін атап өтті.
"Осылауша аумақтық комиссиялардың мәліметінше, сайлаушылардың белгіленген шегі референдумға келді", - деді ОРК өкілі.
Өңірлер арасында ең жоғары белсенділік Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркелген. Ең төмен көрсеткіш - Алматы қаласында. Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша сайлаушылардың 43,7 проценті өз таңдауын жасаған еді.
Қазақстандықтар үшін он мыңнан астам референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Халықаралық байқаушылар әзірге ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді. Референдум учаскелері елдің басым бөлігінде астана уақытымен таңғы сағат жетіде, ал бес өңірде – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында уақыт белдеуіне байланысты бір сағатқа кеш ашылды.
Айта кетері, республикалық референдумда 11,7 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы. Референдум өткізілген болып саналуы үшін барлық сайлаушының жартысынан көбі дауыс беруге тиіс.
Жаңалықтар
0