https://sputnik.kz/20220605/balaly-analar-zeynetkerler-sheneunikter-referendum-25327159.html
Балалы аналар, зейнеткерлер мен шенеуніктер: референдумда кім белсенді болды?
Балалы аналар, зейнеткерлер мен шенеуніктер: референдумда кім белсенді болды?
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар республикалық рефрендум өткізу идеясына оң көзқарас танытты. Ресми дерек және журналистердің бақылауы бойынша, олар дауыс беру үшін сайлау... 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T20:00+0500
2022-06-05T20:00+0500
2022-06-05T20:00+0500
видео
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25326458_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_c85a3f5917f74502120b1b1887865fe1.jpg
Учаскелер сағат 07:00-де ашылды. Қазақстанның премьер-министрі ең алғашқы болып дауыс бергендер қатарында болды. Ол 07:20-да Ұлттық кітапханадағы өз учаскесінде дауыс берді.Алғашқылардың қатарында сондай-ақ сенат спикері Мәулен Әшімбаев, президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев, мемлекет қайраткері Әділбек Жақсыбеков, ғарышкер Талғат Мұсабаев, белсенді Амантай қажы және тағы басқалар болды.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында орналасқан 59-шы сайлау учаскесінде дауыс берді. Мемлекет басшысы сайлау учаскесіне уәде еткендей, 10:00-де емес, 09:20-да келді. Тоқаев іс-шараларға ерте келетінін білетін БАҚ өкілдері оны ғимарат ішінде күтіп тұрды.Президент бюллетеньді жәшікке тастамас бұрын журналистердің бірнеше сұрағына жауап берді.Дәл осы уақытта елорданың арғы жағалауында "Астана Опера" театрында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді.Жалпы қазақстандықтар референдумға белсенді қатысып жатқанын атап өту керек. Олардың арасында сәбилі аналар, полиция қызметкерлері, мұғалімдер, зейнеткерлер, жастар бар. Биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар сайлау учаскелеріне ерекше толқыныспен келгені байқалады. Себебі олар бірінші рет дауыс берді.Шетелде Қазақстан елшіліктері мен консулдықтарының жанында 52 мемлекетте 65 сайлау учаскесі ашылды."Қазақстан дауыс беру науқанына барынша дайындалғанын атап өткім келеді. ТМД бақылаушылары миссиясының референдум өткізуге дайындықтың техникалық тұстары немесе референдум өткізуді қарастыратын қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу бойынша қандай да бір ескертуі жоқ", - деді Нұр-Сұлтанда өткен брифингте ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы Леонид Анфимов.Алматылық сайлаушылар Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша дауыс беруде жоғары белсенділік көрсетіп жатыр. Ресей Федерациясынан келген халықаралық бақылаушылар Михаил Лебединский мен Лира Бурак қалалық сайлау учаскелеріндегі жағдайды осылай бағалады.Нұр-Сұлтанда азаматтар сайлау учаскелері ашылмай жатып дауыс беруге келген, дейді Әзербайжан Мелли Меджлисінің аграрлық саясат комитеті төрағасының орынбасары, бақылаушылар тобының үйлестірушісі Сабир Гаджиев Кямалоғлы.ТМД ПАА халықаралық бақылаушылары қазақстандықтар белсенді түрде дауыс беріп, сайлау учаскелеріне жақсы көңіл-күймен келіп жатқанын айтты."Учаскелерде учаскелік сайлау комиссиялары жақсы дайындықтан өткенін, олар өз ісін білетінін көрдік. Бұл референдум бойынша орталық сайлау комиссиясының үлкен еңбегінің жемісі. Түске дейін біз учаскелік сайлау комиссияларымен де, ұлттық бақылаушылармен де кездестік. Ұлттық бақылаушылар ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтты және мүлде болмайды деп үміттенетіндерін жеткізді", - деді ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының меңгерушісі – бас хатшы Дмитрий Кобицкий.5 маусымда Қазақстанда референдумда дауыс беру қалай өткені туралы Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25326458_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_49fbcea67ecfd5ac3d3cfbc462006996.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, видео
Балалы аналар, зейнеткерлер мен шенеуніктер: референдумда кім белсенді болды?
Қазақстандықтар республикалық рефрендум өткізу идеясына оң көзқарас танытты. Ресми дерек және журналистердің бақылауы бойынша, олар дауыс беру үшін сайлау учаскесіне таңертеңнен келе бастаған
Учаскелер сағат 07:00-де ашылды. Қазақстанның премьер-министрі ең алғашқы болып дауыс бергендер қатарында болды. Ол 07:20-да Ұлттық кітапханадағы өз учаскесінде дауыс берді.
Алғашқылардың қатарында сондай-ақ сенат спикері Мәулен Әшімбаев, президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев, мемлекет қайраткері Әділбек Жақсыбеков, ғарышкер Талғат Мұсабаев, белсенді Амантай қажы және тағы басқалар болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында орналасқан 59-шы сайлау учаскесінде дауыс берді. Мемлекет басшысы сайлау учаскесіне уәде еткендей, 10:00-де емес, 09:20-да келді. Тоқаев іс-шараларға ерте келетінін білетін БАҚ өкілдері оны ғимарат ішінде күтіп тұрды.
Президент бюллетеньді жәшікке тастамас бұрын журналистердің бірнеше сұрағына жауап берді.
Дәл осы уақытта елорданың арғы жағалауында "Астана Опера" театрында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді.
Жалпы қазақстандықтар референдумға белсенді қатысып жатқанын атап өту керек. Олардың арасында сәбилі аналар, полиция қызметкерлері, мұғалімдер, зейнеткерлер, жастар бар. Биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар сайлау учаскелеріне ерекше толқыныспен келгені байқалады. Себебі олар бірінші рет дауыс берді.
Шетелде Қазақстан елшіліктері мен консулдықтарының жанында 52 мемлекетте 65 сайлау учаскесі ашылды.
"Қазақстан дауыс беру науқанына барынша дайындалғанын атап өткім келеді. ТМД бақылаушылары миссиясының референдум өткізуге дайындықтың техникалық тұстары немесе референдум өткізуді қарастыратын қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу бойынша қандай да бір ескертуі жоқ", - деді Нұр-Сұлтанда өткен брифингте ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы Леонид Анфимов.
Алматылық сайлаушылар Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша дауыс беруде жоғары белсенділік көрсетіп жатыр. Ресей Федерациясынан келген халықаралық бақылаушылар Михаил Лебединский мен Лира Бурак қалалық сайлау учаскелеріндегі жағдайды осылай бағалады.
Нұр-Сұлтанда азаматтар сайлау учаскелері ашылмай жатып дауыс беруге келген, дейді Әзербайжан Мелли Меджлисінің аграрлық саясат комитеті төрағасының орынбасары, бақылаушылар тобының үйлестірушісі Сабир Гаджиев Кямалоғлы.
ТМД ПАА халықаралық бақылаушылары қазақстандықтар белсенді түрде дауыс беріп, сайлау учаскелеріне жақсы көңіл-күймен келіп жатқанын айтты.
"Учаскелерде учаскелік сайлау комиссиялары жақсы дайындықтан өткенін, олар өз ісін білетінін көрдік. Бұл референдум бойынша орталық сайлау комиссиясының үлкен еңбегінің жемісі. Түске дейін біз учаскелік сайлау комиссияларымен де, ұлттық бақылаушылармен де кездестік. Ұлттық бақылаушылар ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтты және мүлде болмайды деп үміттенетіндерін жеткізді", - деді ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының меңгерушісі – бас хатшы Дмитрий Кобицкий.
5 маусымда Қазақстанда референдумда дауыс беру қалай өткені туралы
Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.