Қоғам

Тоқаев қаңтар оқиғасын тергеу туралы: халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеті жоқ

© AP Photo / Vladimir TretyakovАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы уақытта қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан адамдардың тізімі жарияланады
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасын тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін президент референдумда дауыс берді. Ал арнайы брифнинг кезінде журналистер қаңтар оқиғасын тергеу шаралары туралы сұрады.
Президенттің айтуынша, бүгінде қоғамнан жасыратын ештеңе жоқ.
"Құзіреті органдар тергеуді жүргізіп жатыр. Бәрі жіті зерделеніп, тексеріліп жатыр. Оны бас прокуратара да жариялап отырады. Ешқандай құпия жоқ. Біз бәрін ашық және жоғары кәсіби дәрежеде жасап жатырмыз. Сондықтан халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл жұмыс жалғаса береді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы уақытта қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан адамдардың тізімі жарияланады.
"Олардың ішінде террористік жақтан келгендер немесе мемлекеттік құрылысты бұзғысы келгендер көп болды. Бірақ мемлекетке қарсы әрекеттерге еш қатысы жоқ адамдар да бар. Сондықтан, әрине, қайғырып көңіл айтамыз. Халыққа қарсы заңсыз және ақталуға жатпайтын әрекеттерге қатысы бар әскерилер жауапқа тартылады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Балистикалық сараптамалар да жасалуда. Сондықтан бәрі белгілі болады ", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Жаңалықтар
0