Оқиға

"Алматы-Бішкек" тасжолында болған апаттың видеосы тарады

© Sputnik / Болат ШайхиновКөлік айнасы
Көлік айнасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Mitsubishi жүргізушісі Қаскелең ауруханасына жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде "Алматы-Бішкек" тасжолында болған апаттың видеосы тарады.
Видеода жеңіл көліктің мыжырайып, екіге қақ бөлінгені көрініп тұр.
Полиция бұл оқиғаның Қарасай ауданында болғанын растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, 4 маусымда Mitsubishi Galant көлігінің 24 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқан Mazda-ға соғылған.
Көлік инерциямен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол жерде оны Yutong Bus автобусы қақты.
Mitsubishi жүргізушісі Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 620-бабы бойынша хаттама рәсімделген.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2022
Алматы облысында тасжолда жүк көлігі аударылып, бір адам көз жұмды
Жаңалықтар
0