https://sputnik.kz/20220605/adamdar-dauys-tmd-baqylaushy-25325253.html
Адамдар таңғы 7-ден бастап келді – бақылаушы
Адамдар таңғы 7-ден бастап келді – бақылаушы
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдумда... 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T18:51+0500
2022-06-05T18:51+0500
2022-06-05T18:53+0500
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25311754_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_1f2ab45a62e7f0213e0114c0e5ce70c8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдумда дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған деп есептейді.Бақылаушылар дауыс берушілердің көңіл-күйі жоғары және бұл процеске ерекше құлшыныспен қатысқанын атап өтті."Жастардан бастап қарияларға дейін бізге жақындап келіп, кім екенімізді және қайдан келгенімізді сұрап, қызығушылық танытты. Біз де олардың референдум туралы пікірлерін сұрадық. Ауқымды жұмыс жүргізілгені байқалады", - деді Кравцов."Адамдар отбасыларымен, ата-аналарымен, балаларымен келіп жатты. Жас ерлі-зайыптылар да болды. Олар өз еркімен, сенімді келіп жатты. Не үшін дауыс беріп жатқанын бәрі жақсы біледі. Сонымен қатар барлық сайлау учаскесінде таңғы сағат 6-7-ден бастап жергілікті қоғамдық бақылаушылар жүрді. Біз олардың барлығымен сұхбаттастық", - деді Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының сот-құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Шухрат Чуллиев.Ал Өзбекстан Олий Мажлисі заң шығару палатасының өнеркәсіп, құрылыс және сауда комитетінің мүшесі Улугбек Вафаев референдумның заңға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтіп жатқанын баса айтты."Референдум халықаралық стандарттарға сай деп баса айта аламыз. Сонымен қатар сайлау мен референдумды салыстыру дұрыс емес. Сайлауда саяси күштердің саяси күресі болады. Ал референдумда бір ғана мәселе бар. Ол – халықтың қалауы, халық Конституцияға өзгерістер енгізуді қалайды ма, жоқ па, осы. Күннің соңына қарай халықтың қалауын білеміз", - деді Вафаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25311754_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_4ba2b182c0418a78cc4ac586e82a7afb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдумда дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған деп есептейді.
"10-шы сайлау учаскесіне келгенде жәшіктердегі бюллетеньдер саны өсіп жатқанын көрдік. Барлық жерде жәшіктердің төрттен бір бөлігі толған. Бұл сағат 12:00 шамасы болатын. Яғни, халықтың белсенді түрде дауыс беріп жатқаны, олардың сайлау учаскелеріне үздіксіз ағылғаны байқалады", – деді Беларусь Республикасы Ұлттық жиынының Өкілдер палатасы тұрақты комиссия төрағасының аграрлық саясат жөніндегі орынбасары Сергей Кравцов.
Бақылаушылар дауыс берушілердің көңіл-күйі жоғары және бұл процеске ерекше құлшыныспен қатысқанын атап өтті.
"Жастардан бастап қарияларға дейін бізге жақындап келіп, кім екенімізді және қайдан келгенімізді сұрап, қызығушылық танытты. Біз де олардың референдум туралы пікірлерін сұрадық. Ауқымды жұмыс жүргізілгені байқалады", - деді Кравцов.
"Адамдар отбасыларымен, ата-аналарымен, балаларымен келіп жатты. Жас ерлі-зайыптылар да болды. Олар өз еркімен, сенімді келіп жатты. Не үшін дауыс беріп жатқанын бәрі жақсы біледі. Сонымен қатар барлық сайлау учаскесінде таңғы сағат 6-7-ден бастап жергілікті қоғамдық бақылаушылар жүрді. Біз олардың барлығымен сұхбаттастық", - деді Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының сот-құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Шухрат Чуллиев.
Ал Өзбекстан Олий Мажлисі заң шығару палатасының өнеркәсіп, құрылыс және сауда комитетінің мүшесі Улугбек Вафаев референдумның заңға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтіп жатқанын баса айтты.
"Референдум халықаралық стандарттарға сай деп баса айта аламыз. Сонымен қатар сайлау мен референдумды салыстыру дұрыс емес. Сайлауда саяси күштердің саяси күресі болады. Ал референдумда бір ғана мәселе бар. Ол – халықтың қалауы, халық Конституцияға өзгерістер енгізуді қалайды ма, жоқ па, осы. Күннің соңына қарай халықтың қалауын білеміз", - деді Вафаев.