https://sputnik.kz/20220604/qazaqstan-turister-elektroshoker-politseyler-25287659.html
Қазақстандық туристерге электрошокер қолданған самарқандық полицейлер жұмыстан қуылды
Қазақстандық туристерге электрошокер қолданған самарқандық полицейлер жұмыстан қуылды
Sputnik Қазақстан
Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарынан қуылды, енді олар сот алдында жауап береді 04.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-04T12:49+0500
2022-06-04T12:49+0500
2023-08-09T12:39+0500
өзбекстан
туристер
https://sputnik.kz/img/109/11/1091130_0:376:4000:2626_1920x0_80_0_0_35c61793881abb82d2f22dddc5fbecff.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Самарқанда қазақстандық туристерді ұстау кезінде электрошокер қолданған ішкі істер органдарының екі қызметкері жұмыстан босатылды, республика прокуратурасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.Өзбекстан прокуратурасы қазақстандық туристерге қатысты оқиғаның барлық мән-жайын анықтаған соң, тәртіп сақшыларын жазалау туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазды gazeta.uz.Сондай-ақ қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 206-бабының 1-бөлігі – "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды.Еске сала кетейік, 21 мамырға қараған түні Самарқан қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік қызметкерлері бірнеше туристі, оның ішінде Қазақстаннан келгендерді ұстап, олардың құжаты болғанына қарамастан жеке басын анықтау үшін электрошокермен күш қолданып, полиция учаскесіне әкелген.Қызметкерлер туристерге қалада "Қауіпсіз түн" шарасы өтіп жатқандықтан, сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын айтқан. Туристер құжаттарын көрсетіп, таксимен кетуге мүмкіндік беруді сұраған.Сол кезде елдің ішкі істер министрлігі полицейлер қызметтік этика нормаларын өрескел бұзып, өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын мәлімдеген еді.
https://sputnik.kz/20220523/politsiya-turister-elektroshoker-video-25013400.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/109/11/1091130_0:0:4000:3000_1920x0_80_0_0_aa9dd0e11b9a728cda41d20762fbd97c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, туристер
Қазақстандық туристерге электрошокер қолданған самарқандық полицейлер жұмыстан қуылды
12:49 04.06.2022 (жаңартылды: 12:39 09.08.2023) Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарынан қуылды, енді олар сот алдында жауап береді
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Самарқанда қазақстандық туристерді ұстау кезінде электрошокер қолданған ішкі істер органдарының екі қызметкері жұмыстан босатылды, республика прокуратурасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Өзбекстан прокуратурасы қазақстандық туристерге қатысты оқиғаның барлық мән-жайын анықтаған соң, тәртіп сақшыларын жазалау туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазды
gazeta.uz.Сондай-ақ қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 206-бабының 1-бөлігі – "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, 21 мамырға қараған түні Самарқан қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік қызметкерлері бірнеше туристі, оның ішінде Қазақстаннан келгендерді ұстап, олардың құжаты болғанына қарамастан жеке басын анықтау үшін электрошокермен күш қолданып, полиция учаскесіне әкелген.
Қызметкерлер туристерге қалада "Қауіпсіз түн" шарасы өтіп жатқандықтан, сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын айтқан. Туристер құжаттарын көрсетіп, таксимен кетуге мүмкіндік беруді сұраған.
Сол кезде елдің ішкі істер министрлігі полицейлер қызметтік этика нормаларын өрескел бұзып, өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын мәлімдеген еді.