https://sputnik.kz/20220604/elordada-kontser-oqiga-25288710.html
Елордадағы концертте 250 жыл бұрынғы оқиға қайталанды
Елордадағы концертте 250 жыл бұрынғы оқиға қайталанды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. "Астана кештері" халықаралық фестивалі аясында Берлиннің концерттік оркестрі елорда төрінде өнер көрсетті. Концертте оркестрдің... 04.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-04T13:30+0500
2022-06-04T13:30+0500
2022-06-04T13:30+0500
мәдениет
концерт
https://sputnik.kz/img/07e6/06/04/25288078_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8fbc15f7f4b97f349b36c0229734cb93.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. "Астана кештері" халықаралық фестивалі аясында Берлиннің концерттік оркестрі елорда төрінде өнер көрсетті. Концертте оркестрдің 20 музыканты бірінен соң бірі орындарынан тұрып, музыкалық номерді аяқтамай, көрермен қауымды таңғалдырды.Оркестр атақты композитор Гайднның "Қоштасу" симфониясын орындап, 1772 жылы болған тарихи оқиғаны дәлме-дәл қайталады, деп хабарлады фестивальдің баспасөз қызметі.Тарихқа сүйенсек, ұзақ уақыттан бері еңбек демалысына шықпаған оркестр әртістері осылайша князьге өздерінің наразылығын білдіргісі келген екен.Қазақстанда алғаш рет өнер көрсеткен әлемдік деңгейдегі үздік оркестр жоғары шеберлігімен тәнті етті.Фестиваль аясында екі күн бойы өнер көрсеткен Берлин концерттік оркестрімен бірге Нарек Ахназарян және Вадим Холоденко сынды танымал музыканттар сахнаға шықты.2 маусым күні елордалық көрермендерге белгілі виолончелист, Армения Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нарек Ахназарян өз өнерін ұсынды. Ол Й.Гайднның Виолончель мен скрипкаға арналған №1 концертін орындады.Нарек Ахназарян фестивальдің ерекше атмосферасын атап өтті.Қазақстанда алғаш рет "Астана кештерi" фестивалі аясында әйгілі пианистердің бірі Вадим Холоденко өнер көрсетті. Ол әлемге жылдамдығы және техникалық шеберлігі ерекше музыканттардың бірі ретінде танылған.Пианисттің көптен күткен концерті 3 маусым күні "Астана балет" сахнасында өтті. Бұл кеште оның орындауында Моцарттың Фортепиано мен оркестрге арналған №23 концерті шырқалды.Еске салсақ, "Астана кештерi" фестивалі аясында 3 концерт өтті. Жоба аясында көрермендер Қазақстанға және барша әлемге танытып жүрген үздік орындаушылардың өнерін тегін тамашалай алады. Биылғы фестивальдің соңғы гала-концерті 4 маусым күні сағат 18:00-де өтеді. Концертте Роберто Молинеллидің (Италия) жетекшілігімен симфониялық оркестр атақты рок хиттерін орындайды. Билеттерді тегін алу үшін мына телефонға хабарласу керек: +77758990712.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/04/25288078_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ccf3629500dab4ba8131f5489776d75c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
концерт
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. "Астана кештері" халықаралық фестивалі аясында Берлиннің концерттік оркестрі елорда төрінде өнер көрсетті. Концертте оркестрдің 20 музыканты бірінен соң бірі орындарынан тұрып, музыкалық номерді аяқтамай, көрермен қауымды таңғалдырды.
Оркестр атақты композитор Гайднның "Қоштасу" симфониясын орындап, 1772 жылы болған тарихи оқиғаны дәлме-дәл қайталады, деп хабарлады фестивальдің баспасөз қызметі.
Тарихқа сүйенсек, ұзақ уақыттан бері еңбек демалысына шықпаған оркестр әртістері осылайша князьге өздерінің наразылығын білдіргісі келген екен.
Қазақстанда алғаш рет өнер көрсеткен әлемдік деңгейдегі үздік оркестр жоғары шеберлігімен тәнті етті.
Фестиваль аясында екі күн бойы өнер көрсеткен Берлин концерттік оркестрімен бірге Нарек Ахназарян және Вадим Холоденко сынды танымал музыканттар сахнаға шықты.
2 маусым күні елордалық көрермендерге белгілі виолончелист, Армения Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нарек Ахназарян өз өнерін ұсынды. Ол Й.Гайднның Виолончель мен скрипкаға арналған №1 концертін орындады.
Нарек Ахназарян фестивальдің ерекше атмосферасын атап өтті.
"Мен әлемдегі көптеген оркестрмен өнер көрсеттім, бірақ Берлин оркестрімен бүгін алғаш рет сахнаға шықтым. Мен үшін "Астана кештері" үлкен жаңалық болды. Фестиваль Қазақстанның өнердегі жетістіктерін халықаралық деңгейде насихаттап, әлемдік мәдениеттер тоғысқан ерекше алаңға айналды", - деп атап өттіі музыкант.
Қазақстанда алғаш рет "Астана кештерi" фестивалі аясында әйгілі пианистердің бірі Вадим Холоденко өнер көрсетті. Ол әлемге жылдамдығы және техникалық шеберлігі ерекше музыканттардың бірі ретінде танылған.
Пианисттің көптен күткен концерті 3 маусым күні "Астана балет" сахнасында өтті. Бұл кеште оның орындауында Моцарттың Фортепиано мен оркестрге арналған №23 концерті шырқалды.
Еске салсақ, "Астана кештерi" фестивалі аясында 3 концерт өтті. Жоба аясында көрермендер Қазақстанға және барша әлемге танытып жүрген үздік орындаушылардың өнерін тегін тамашалай алады. Биылғы фестивальдің соңғы гала-концерті 4 маусым күні сағат 18:00-де өтеді. Концертте Роберто Молинеллидің (Италия) жетекшілігімен симфониялық оркестр атақты рок хиттерін орындайды. Билеттерді тегін алу үшін мына телефонға хабарласу керек: +77758990712.