https://sputnik.kz/20220604/aqmola-oblysy-adamd-kene-25295340.html
Ақмола облысында бір аптада 41 адамды кене шақты
Ақмола облысында бір аптада 41 адамды кене шақты
Sputnik Қазақстан
Санитар дәрігерлер өңір тұрғындарын орманға, табиғат аясында серуенге және демалуға барғанда сақтық шараларын есте сақтауға шақырады 04.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-04T19:57+0500
2022-06-04T19:57+0500
2022-06-04T19:57+0500
ақмола облысы
кене
https://sputnik.kz/img/old/896/77/8967799_0:77:2096:1256_1920x0_80_0_0_762b4c0f736e32c1ac6d9938b8142bb8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақмола облысында сәуір-мамыр айларында кене шағудан 368 адам зардап шекті, оның 153-і - он төрт жасқа дейінгі балалар.Соңғы бір аптада осындай 41 жағдай тіркелді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кене шағудан зардап шеккен 368 адамның 264-і (71,7%) иммуноглобулинмен профилактикалық ем алды. 104 адам (27,7%) ем алмады, оның ішінде 23 адам (6,2%) екпеден бас тартқан. Биылғы эпидемиялық кезеңде Бурабай және Сандықтау аудандары халқының арасында кене энцефалитінің екі жағдайы расталды. Сандықтау ауданы 2018 жылдан бері кене энцефалиті бойынша эндемикалық аймақ саналады. Сол себепті санитар дәрігерлер өңір тұрғындарын орманға, табиғат аясында серуенге және демалуға барғанда сақтық шараларын есте сақтауға шақырады.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/896/77/8967799_107:0:2032:1444_1920x0_80_0_0_6199a7f13c832d51823c65263319a002.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, кене
Ақмола облысында бір аптада 41 адамды кене шақты
Санитар дәрігерлер өңір тұрғындарын орманға, табиғат аясында серуенге және демалуға барғанда сақтық шараларын есте сақтауға шақырады
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақмола облысында сәуір-мамыр айларында кене шағудан 368 адам зардап шекті, оның 153-і - он төрт жасқа дейінгі балалар.
Соңғы бір аптада осындай 41 жағдай тіркелді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кене шағудан зардап шеккен 368 адамның 264-і (71,7%) иммуноглобулинмен профилактикалық ем алды. 104 адам (27,7%) ем алмады, оның ішінде 23 адам (6,2%) екпеден бас тартқан.
"Соңғы аптада кене шағудың 41 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл өткен аптамен салыстырғанда екі есе төмен (86 жағдайға аз). Егер адамды инфеция жұқтырған кене шақса, онда ауыр дертке шалдығу қаупі бар. Оның бірі - кене энцефалиті. Бұл жедел жүйке жүйесінің зақымдалуына және мидың қабынуына әкелуі мүмкін. Тіпті адам мүгедек болып қалуы немесе қайтыс болып кетуі әбден мүмкін. Оның белгілері адамда кене шаққаннан кейін бір апта өткен соң ғана байқалады", - дейді ведомстводан.
Биылғы эпидемиялық кезеңде Бурабай және Сандықтау аудандары халқының арасында кене энцефалитінің екі жағдайы расталды. Сандықтау ауданы 2018 жылдан бері кене энцефалиті бойынша эндемикалық аймақ саналады.
Сол себепті санитар дәрігерлер өңір тұрғындарын орманға, табиғат аясында серуенге және демалуға барғанда сақтық шараларын есте сақтауға шақырады.